AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Коронавирус / Алматылық студенттер белсенді түрде вакцина салдыр...

Алматылық студенттер белсенді түрде вакцина салдырып жатыр

Коронавирус 22.08.2021, 10:41 1,494 Almaty-akshamy
Алматылық студенттер белсенді түрде вакцина салдырып жатыр
сурет: Liter.kz

Студенттер инфекциядан қорғану жолы - вакцина салу деген ойда.


Биыл дәстүрлі оқу форматына көшетін алматылық студенттер белсенді түрде вакцина салдырып жатыр. Ал, қалада егде жастағы екпе алған адам саны 110 мыңға жуықтаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Студент Алуа Орынбекова бүгін екпе салдыруға Ұлы Отан соғысы ардагерлері емханасында орналасқан пунктке келген. Дәрігерлер оның жалпы жәй-күйін, дене қызуын, сатурация деңгейі мен қан қысымын тексеріп шықты. Денсаулығында кінәрат болмағандықтан, оған бүгін Спутник-V екпесінің 1-компоненті салынды.



«Дәстүрлі оқу жүйесіне көшіп жатқандықтан, әрбір студент екпе алғаны жөн. Емін-еркін жүруге, пандемияға дейінгі өмірге оралуға ықпал етеді деп ойлаймын», – деді Алмалы ауданының тұрғыны Алуа Орынбекова.



Соңғы мәліметтерге сәйкес, бір тәулікте екпенің алғашқы компонентін 4700-ден аса, ал 2-компонентін 6 мыңға жуық адам салдырған. Ал, ақпаннан бүгінге дейін 833 мыңнан астам тұрғын вакцина алды. Оның 110 мыңға жуығы 60 жастан асқан кісі.



«Айналаңда жұқпалы инфекция жүргенін елестету өте қорқынышты. Сондықтан екпе салдыруға бел будым. Деніміз сау, балаларымыз аман болуы үшін осы ең дұрыс шешім», – деді Алмалы ауданының тұрғыны Тамара Загриценко.


«Бастысы, денсаулықты күту керек. Өзіме және жақындарыма індетті жұқтырмау үшін екпе алып жатырмын», – деді Алмалы ауданының тұрғыны Валерий Лукомский.



Бұл емханаға 30 мың тұрғын тіркелсе, соның басым бөлігі, яғни 24 мыңнан көбі, екпе салдырыпты.



 «30 мың тұрғынның 7 мыңнан астамы - диспансерлік есепте тұрған пациенттер. Оларға түгелімен вакцина жасау жүргізілді. 230-ына медотвод берілді», – деді қалалық ҰОСА емханасы бас дәрігерінің орынбасары Салтанат Әбдіразақова.



Қаладағы медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен сауда орталықтарында 160 вакцина егу пункті жұмыс істейді. Иммундау жұмыстарына 237 бригада жұмылдырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#вакцина #студенттер #оффлайн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 14:20

Президент әкімшілігінің экс-басшысы Әділет” партиясының төрағасы болып сайланды

Бүгін 13:09

Алматыда Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді

Бүгін 11:55

АҚШ күштері Иран туы ілінген танкерге шабуыл жасады

Бүгін 11:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);