AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жол...

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Әлеумет 18.02.2026, 11:48 178 Дина
Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты
фото: Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығы, Масалим А.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2026 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық бойынша брифинг өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Онда жасөспірімдер психологы Фатима Броева емтихан жүктемесі кезінде оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтауға сеп болатын ұсыныс айтты.

Маманның айтуынша, ҰБТ жасөспірімдер үшін өмірдегі маңызды белес сияқты қабылданып, олар болашағын көбіне сонымен байланыстырып жатады. Сондықтан сынаққа дайындықты адамның мінез-құлқы да сынға түсетін өтпелі уақыт деуге әбден болады.

Сарапшы жасөспірімнің қай-қайсысы болсын өзін көбіне айналасындағылардың сөзіне қарап бағалайтынын айтады. Емтиханға дайындық кезінде кейбірі тесттің қорытындысын өзінің шама-шарқы деп қабылдауы мүмкін. Содан ол мазасыздыққа ұрынып, қателік жасап жатады.

Психологтың айтуынша, ұзаққа созылған күйзеліс зейіннің төмендеуіне, есте сақтаудың нашарлауына, ұйқының бұзылуы мен шаршап-шалдығуға алып келуі мүмкін. Мұндай жағдай жүйкеге шамадан тыс жүк түскенін білдіреді. Ересектер оған көңіл бөліп, баланың оқшаланып қалуына жол бермеуі тиіс.

«Стресс – бұл қойылатын талаптарға ағзаның бейспецификалық реакциясы. Орташа деңгейде ол ресурстарды жұмылдырып, зейінді арттырып, жұмыс қабілетін жақсартады. Алайда емтиханға ұзақ дайындықпен байланысты созылмалы стресс бейімделу механизмдерінің әлсіреуіне әкеледі», – деді ол.

Практикалық ұсыныс ретінде түлектерге күн тәртібіне көңіл бөліп, ұйқының қанық болуына, тыныс алу жаттығуын қолданып, дайындық барысында қысқа уақытқа үзіліс жасап отыруды ұсынды. Бұлар күйзелісті азайтып, адамның жұмыс істеуге деген ынтасын сақтауға көмектеседі екен.

Маман отбасының рөліне ерекше назар аударды. Емтиханның қорытындысы қандай болса да, жасөспірімді үнемі қолдап, ынталандырып отыру керек.

«Емтиханнан қандай балл алса да, балаға бұрынғыша қарау керек. Бір үлкен үміт күтіп, оған тым қатты сенуге де болмайды. Ата-ана бақылаушы емес, оған ақыл қосатын жора-жолдасы сияқты болсын», – деп ескертті спикер.

Мектеп психологтары да күйзеліске төзімділік бойынша тренинг өткізіп, өзін ұстауды үйретіп, емтиханда түлектерге кеңес беруді қолға алуы қажет.

Қорытындылай келе, психолог ҰБТ білім алу жолындағы маңызды кезең болғанымен, ол түлектің жеке құндылығының көрсеткіші емес екенін атап өтті. Мектеп пен отбасының эмоционалдық қолдауы, тыныш атмосфера, дайындық пен демалыс арасындағы тепе-теңдік жасөспірімдердің психологиялық саулығын сақтауға, емтихан кезеңінен барынша сенімді өтіп, сынақ қорытындысын сабырлы қабылдауына мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқиға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);