AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық жүргізушілерге ескерту жасалды

Алматылық жүргізушілерге ескерту жасалды

Әлеумет 08.01.2025, 12:52 920 Nursok82
Алматылық жүргізушілерге ескерту жасалды
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы полициясы жүргізушілерден көліктерін тек белгіленген жерге қоюға шақырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Көлік құралдарының қозғалысына қолайлы жағдай жасау үшін жауын-шашын кезеңінде көшелерді уақтылы тазалау қажет, бұл жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды аспектісі.

– Полицияның бұл үндеуі ауа райының және қаладағы жол қозғалысы жағдайының нашарлауына байланысты жасалды. Қала көшелеріне көптеген коммуналдық көлік шыққаны белгілі. Көліктердің дұрыс қойылмауынан кей жерлерде қар шығару және жолды тазалау айтарлықтай қиындық туғызып жатыр. Кеңселер мен мекемелер көп шоғырланған жерлерде азаматтар жол ережесін елемей, көліктерін ретсіз қояды. Біріншіден, заңбұзушылық бар. Ал, екіншіден, бұл қар тазалайтын техникаға белгілі бір қолайсыздықтар туғызады. Осыған байланысты көлік иелеріне үндеу жасап, көлік тұрағы мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырамыз,– деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Спикердің сөзінше, шаһар көшелерін 150-ге жуық патрульдік полиция жасағы мен әкімшілік полицияның мамандандырылған батальоны күзетеді. Жол апаттарының алдын алу және жалпы жол жағдайын тұрақтандыру үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Осыған байланысты жол қозғалысын бақылайтын патрульдік полиция бөлімшелерінің саны арттырылды.

– Қыста көлік жүргізуде белгілі бір қиындықтар туындайды. Сондықтан жүргізушілерді аса сақ болуға, жылдамдықты шектен асырмауға, тежегіш педалін қатты баспауға, ең бастысы, орындалатын маневр туралы басқа жол қозғалысына қатысушыларды алдын ала ескертуге шақырамыз. Жолдардағы қауіп-қатер туралы ескертеміз және жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, өз өмірлерін, сондай-ақ басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірмеуді сұраймыз, – деді ол.

Осыған дейін мегаполис көшелерін тазалауға мыңнан астам жол жұмысшысы мен 475 техника қар тазалауға жұмылдырылғаны туралы жазған едік.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жүргізуші #көлік #Қар тазалау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ясауи мұрасы және түркі руханияты

Бүгін 17:15

Алматыда бизнес нысандарынан шығатын зиянды қалдықтарға бақылау күшейтілді

Бүгін 15:28

Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы іске қосылады

Бүгін 15:25

Маусым айының алғашқы онкүндігінде III Архившілер конгресі өтеді.

Бүгін 15:19

Мемлекет басшысы дәстүрлі өнерді, әсіресе, жыр, терме, күй өнерін дамытуға ерекше мән беру қажет деп санайды

Бүгін 15:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);