AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық дәрігер баланың неге ет жемейтінін түсін...

Алматылық дәрігер баланың неге ет жемейтінін түсіндірді

Әлеумет Бүгін 10:16 48
Алматылық дәрігер баланың неге ет жемейтінін түсіндірді

Баланың ата-әжесі бар болса, арасында ұзақ мерзімге жіберіп тұру керек, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Қазіргі балаларға не болған, аузына ет алмайды», «Ет тұрмақ, тамақ жегізе алмайсың. Баяғыда бала күнімізде атамыздың тізесінде отырып алып сүйек те мүжуші едік», «Малдың құлағын, тілін, көзін таласып жейтінбіз. Етте қаншама дәрумен бар?!» дейтін ата-ана аз емес. Осы тақырып төңірегінде №8 қалалық емхананың педиатр-дәрігері Анаркүл Жарқынбаевамен сұхбаттасқан болатынбыз.

– Анаркүл Тынысбекқызы, қазіргі балалардың арасында ет жемейтіндерінің көйбейгені рас па? Бұған не себеп? Бұл баланың талғамына, психологиялық ерекшелігіне байланысты ма, әлде ағзасындағы қандай да бір өзгерістің белгісі болуы мүмкін бе?

– Иә, «Баланың алдына қойған асты талғап жеуі қалыпты ма?», «Мүлдем ет жемейді. Неге?» деген сұрақтарды пациенттерімізден жиі естиміз. Бұны бірден ауру деп ойлау дұрыс емес. Оның бірнеше себебі бар.

Біріншіден, ол баланың талғамы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Сәбиде бір жарым жастан алты жасқа дейінгі аралықта болатын неофобия кезеңі бар. Бұл уақытта ол жаңа, қатты, шайнауды қажет ететін тағамдардан бас тартуы мүмкін. Оған, әрине, ет тағамдары жатады. Еттің құрылымы жағынан қаттырақ болатынын білесіздер. Өзіндік иісі бар, шайнауға келгенде қиындау. Сондықтан бала оны қауіпті деп қабылдауы мүмкін.

Сонымен қатар баланың сенсорлық сезімталдығы жоғары болуы мүмкін. Ол етті көргенде, оның ішіндегі талшықтарды, сіңірлерді байқаса, әрине, ұнатпай, жегісі келмеуі мүмкін.

Тағы бір себеп бар. Ол – ағзадағы қоректік заттардың тапшылығы. Кейбіреулер темір тапшылығы бар балалар ет жемейді деп ойлайды. Бірақ ет жеуден бөлек, балада мұз, ағаш, қамыр жеу сияқты әдеттер де байқалуы мүмкін. Осындай кезеңде әртүрлі тапшылықтары бар балалар кездеседі.

Тағы бір ерекшелік асқазан-ішек жүйесінің жұмысына байланысты болуы мүмкін. Кейбір балаларда ферменттердің жеткіліксіздігінен етті қорыту қиындайды. Сондықтан етті ауыр тағам ретінде қабылдауы мүмкін.

Одан бөлек, ішек аурулары бар: дисбиоз, лямблиоз. Мұндай кезде де баланың тәбеті төмендеп, ет тағамдарына деген қызығушылығы төмендейді.

– Баланы ет жеуге мәжбүрлеу дұрыс па? Еттен бас тартқан баланың тәбетін ашып, дұрыс тамақтануға үйретудің қандай жолдары бар?

– Мәжбүрлеуге болмайды. Өйткен сайын баланың миында етке деген жағымсыз көзқарас күшейе бастайды. Егер етті күштеп жегізсеңіз, миында етке байланысты жағымсыз ассоциация, стресс қалыптаса бастайды. Сол кезде балада құсу рефлексі де күшеюі мүмкін. Немесе бала бір рет етке қақалса, шашалса, онда да еттен қорқу сезімі пайда болуы ықтимал.

Сондықтан менің беретін кеңесім: бірінші, тағам дайындағанда етін кесек-кесек етіп емес, ұсақтау турау керек. Мәселен, асты фарштан әзірлеп, оны әртүрлі формада, яғни фрикаделька, тифтели, котлет түрінде дайындауға болады. Әрі формасын шағындау еткен дұрыс. Сонда бала тағамның өзгерген формасын ұнатуы мүмкін. Одан бөлек, егер балаңыз тағамға қатысты өте сезімтал болса, онда екеулеп, бірге тамақ дайындаған дұрыс. Мәселен, «балам, бүгін бірге тамақ жасайық» деп, оны қасыңызға алып, бірге котлет жасауға болады. Одан кейін таңдауды да тек өзіңіз ғана емес, баламен бірге жасау керек. Яғни «жейсің бе, әлде қаламай тұрсың ба?» деп, бірге отырып таңдаған абзал.

– Бала ет жемесе, міндетті түрде дәрігерге қаралып, қан талдауын тапсыру қажет пе?

– Тәжірибемнен бір мысал келтірейін. Кезекті қабылдауыма бір ана келіп, ұлының ет тағамдарын мүлдем жемейтінін айтты. Анализ қорытындылары балаланың даму қалпы, денсаулығы жақсы екенін көрсетіп тұрды. Әйелдің одан басқа екі баласы бар, екеуі де балабақшаға барады. Декретте үйде отырған анаға мен өз кеңесімді бердім. Яғни, үйде қолың боста, әлгінде айтып өткенімдей, балалармен бірге тамақ жасап, еттен түрлі форма жасауды ұсындым. Мен айтқан әдісті қолданған әйел көп ұзамай рахметін айтып келді. Яғни, мұндағы ананың қателігі – бұрын тамақты тек өзі, үлкендер жеу үшін жасағандығы, өзі жеген тамақты балаларына ұсынғанында екен. Менің кеңесімнен кейін бүлдіршіндерді ас мәзіріне араластырып, олардың талғамына сай ас әзірлей бастаған. Бұл – балаларды етке деген психологиялық дайындау әрі тәбетін ашатын әдіс.

Тағы бір айтарым, ата-әжесі бар болса, арасында ұзақ мерзімге жіберіп тұру керек. Кейбір аналар балаларды қариялардан оқшаулауға тырысады. Бұл да менің тәжірибемде кездескен жағдай.

Біреуге ұнауы, біреуге ұнамауы мүмкін, бірақ ата-әже баланың дамуына, өсуіне үлес қосқаны өте керемет деп ойлаймын. Себебі, ата-әжесінің қасында өскен бала, біріншіден, мейірімді болып келеді. Екіншіден, тамақ жеуді, тамақты қалай жеу керектігін жақсы меңгереді. Сонымен қатар сөйлеу қабілеті де жақсы дамуы мүмкін.

Көбіміз «ата-әжесі баланы тым еркелетіп жібереді, олар көп тәтті береді» деп ойлайды. Әрине, тәттіні көп жейтін баланың тамақтану тәртібі бұзыла бастайды. Мұны да түсінемін. Бірақ мен бұған сәл басқаша қараймын. Әрине, балаға тәтті тағамдар беруге болады. Бірақ қалыпты мөлшерде беру керек. Сонда бала басқа тағамдарды да қалыпты түрде жей алады.

– Жалпы, ата-ана қай кезде алаңдауы керек?

– Осы ретте тағы бір айтайын дегенім, баланың ет тағамынан бас тарту себебін ғана қарастырып қоймай, оның жалпы тамақтануын да ескеру керек. Еттің орнын басқа тағамдармен толықтыру қажет. Бұл да маңызды.

Ал енді баланың жалпы жағдайына назар аударыңыздар. Егер бала белсенді болса, салмақ қосып жатса, бұл – жақсы белгі. Бірақ бала тамақтану әдетін өзгертпесе, әсіресе ет тағамдарын жемесе, оған да назар аудару қажет. Және де бала салмақ қоспай қалса, өсу қарқыны баяуласа, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. Тексеруден өтіп, қажетті анализдерді тапсырып, витаминдер мен темір тапшылығына қатысты талдауларды тапсыру аса маңызды.

Сұхбаттасқан Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы таулары әлемдік рейтингтерде үздіктер қатарынан көрінді

Бүгін 14:32

Алматыда дыбыстар «көрмесі» ашылды

Бүгін 14:13

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері қазақ тілінде ән шырқады

Бүгін 14:01

3 млн теңге жүлде қоры: Алматыда студенттерге арналған «ORTAQ 2026» байқауы өтеді

Бүгін 13:44

Шымкентте бейнебақылау камерасын сындырған азамат қамауға алынды

Бүгін 13:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);