Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы Терренкур  қалай өзгереді

Алматыдағы Терренкур  қалай өзгереді

Әлеумет 20.05.2024, 14:49 1,129
Алматыдағы Терренкур  қалай өзгереді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 20 жылдан астам уақыт бойы жөндеу жүргізілмеген Терренкур абаттандырылады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алматыда Терренкур саябақ аймағы су айдынының айналасындағы жалпы ауданы 3,4 га учаскені  реконструкциялау басталады. Бұл аймақ Тәттімбет көшесі мен Достық даңғылына жақын маңдағы шығыс бөлікте орналасқан. 
Мұнда кең демалыс аймағы, тоған бойындағы серуендеу жолы және өтпелі көпір бар.  Әдемі тоғанның аумағында судың жанында өнер көрсетуге арналған сахна болады. Оған қарама-қарсы заманауи ашық амфитеатр орналасады.

Терренкурдағы әйгілі  ротонда да өзгереді, ол 20 жыл ішінде  мүлдем қараусыз қалған.  

Келушілердің жайлылығы үшін жаңа балалар және спорт алаңдары, орындықтар мен урналар, жарықтандыру тіректері орнатылады. Ауданы 19,6 мың м2 учаскені көгалдандыру, 2,8 мың м2 тротуар плиталарын төсеу және автосуару жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жоспарланған. 

Реконструкция аясында тоғанды абаттандыру да қарастырылған, осыған байланысты қазіргі уақытта су жоқ. Жұмыс аяқталғаннан соң  су беріледі. Реконструкция  маусым айының басында басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. 

Жаңарған қоғамдық кеңістік учаскені алматылықтар мен қала қонақтары үшін жайлы және тартымды демалыс аймағына айналдырады. 

Айта кетерлігі, Терренкурдағы  денсаулық  соқпағы  1974 жылы салынған. Бұл аумақ жеке меншікте болды және жөндеу жұмыстары 20 жылдан астам уақыт бойы жүргізілмеген. 2023 жылы учаске коммуналдық меншікке қайтарылды, содан кейін реконструкциялау жөнінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Терренкур #саябақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика