Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы Крещение мерекесі дәрігерлердің бақылау...

Алматыдағы Крещение мерекесі дәрігерлердің бақылауымен өтеді

Әлеумет 16.01.2026, 12:29 230
Алматыдағы Крещение мерекесі дәрігерлердің бақылауымен өтеді
Сурет ЖИ

Қаңтардың 18-інен 19-ына қараған түні Крещение мерекесін атап өту кезінде Алматы қаласындағы адам көп жиналатын орындар мен шомылуға арналған ресми рұқсат етілген аумақтарда медицина қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем қызметі директорының орынбасары Павел Бурда мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Оның айтуынша, шомылуға арналған барлық ресми орындарда жедел медициналық жәрдем бригадалары тәулік бойы кезекшілік етеді. Медициналық топтар білікті мамандармен толықтырылған, олар суықтан тоңып қалған, өзін жайсыз сезінген немесе жедел көмекке мұқтаж азаматтарға дер кезінде көмек көрсетуге толық дайын.

Бригадаларды орналастыру, жету бағыттары мен өзара байланыс тәртібі Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп алдын ала пысықталған. Қажет болған жағдайда кезекші бригадалар күшейтіліп, жағдайға қарай адам күші мен техниканы қайта бөлу де қарастырылған.

«Жедел медициналық жәрдем қызметі қала тұрғындары мен қонақтарын діни рәсімге жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және дәрігерлердің кеңесіне құлақ асуға шақырады. Суық суға түсер алдында денсаулық жағдайын ескерген жөн. Жүрек-қантамыр, тыныс алу және эндокриндік жүйе аурулары бар, суық тиген немесе созылмалы дерті асқынған адамдарға шомылудан бас тарту ұсынылады. Сондай-ақ мас күйде суға түсуге қатаң тыйым салынады», – деді Павел Бурда.

Медицина қызметкерлері суық суда ұзақ уақыт болмау керектігін ескертеді. Судан шыққаннан кейін бірден жылынып, құрғақ әрі жылы киім мен аяқ киім киіп, қайтадан суыққа шығуға болмайды.

«Егер адам өзін жайсыз сезініп, басы айналып, ентігіп, қатты қалтырап немесе өзге де қолайсыз жағдай туындаса, дереу кезекші жедел жәрдем бригадасына немесе Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне жүгіну қажет», – деп атап өтті ол.

Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем қызметі мерекелік іс-шаралар кезеңінде жоғары дайындық режимінде жұмыс істеп, барлық шұғыл шақыртуларға үздіксіз әрі жедел әрекет етуге толық дайын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Крещение #Бурда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі