конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы жол салу мен жол жөндеуді антикор қадағ...

Алматыдағы жол салу мен жол жөндеуді антикор қадағалауда

Әлеумет 19.08.2024, 14:15 988 Nursok82
Алматыдағы жол салу мен жол жөндеуді антикор қадағалауда
aqshamnews.kz

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жолдарды салу және жөндеу жұмыстарындағы жемқорлық тәуекелдерге талдау жүргізу үшін арнайы жиын өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдар, Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы филиалының өкілдері, тапсырыс берушілер мен мердігерлер компаниялар қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматының жол инфрақұрылымы азаматтар тарапынан да, бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан да жиі сынға ұшырайды. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекеме жолдарды салу мен жөндеуге бюджет қаражатын жоспарлау және жұмсау процестерін егжей-тегжейлі талдауға ерекше назар аударуда. Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы мемлекеттік органдар бірлесіп жұмыс істеу керегін атап өтті.

«Алматы қаласында жол салу мен жол жөндеу салсындағы қазіргі мәселелерді шешу үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру қажет. Өйткені сапалы жол құрылысы тұрақты экономикалық өсу, инвестициялық тартымдылықты арттыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін өте маңызды», - деді Арман Рахимов.

2020-2024 жылдар кезеңінде Алматы қаласының жолдарын жөндеуге шамамен 242,4 млрд. теңге бөлінді. Бөлінетін қаражаттың көлемі қомақты. Алайда осы саладағы кемшіліктер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

- тиімсіз жоспарлау (іске асырылмаған жобалық сметалық құжаттар, жылу-сумен жабдықтау желілерін жөндеуден кейін жол төсемін қайта қалпына келтірмеу);

- мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың мерзімдерін ұзарту кезіндегі олқылықтар;

- бір көшеде жөндеу жұмыстарын екі рет орындау фактісі;

- шекаралар мен іргелес аумаққа қойылатын талаптарды қамтамасыз етпеу;

- қосалқы мердігерлерде жол құрылысы саласында тиісті материалдық-техникалық жарақтандырудың және тәжірибенің болмауы.

Бұдан басқа, іс-шара барысында арнайы жұмыс тобының көшпелі мониторингінің нәтижелері айтылды, онда анықталған бұзушылықтар толтырылып және уәкілетті органдардың атына тиісті ұсынымдар енгізіледі. Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы филиалының мамандары құрылыс нысандарын бірлесіп тексерулерге тұрақты түрде қатысып, анықталған кемшіліктерді хабарлайды.

«Қазіргі таңда Алматы қаласында жолдарды орташа жөндеу мен ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүзеге асуда. Біздің мекеме қала жол желілерінің сапасын тексерумен, жол құрылысы барысын қадағалаумен тұрақты түрде айналысады. Филиал мамандарына жемқорлықтың алдын алу, жемқорлық тәуекелдерді болдырмау бойынша үнемі профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Ал жолдарды тексеру барысында анықталған кемшіліктер бірден ортақ базаға енгізіліп, тиісті органдарға жолданады», - дейді филиал директоры Мәулен Тоқтарбайұлы.

Басқосу барысында мердігерлік ұйымдардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Проблемалық мәселелер талқыланып, мемлекеттік органдар мен мүдделі тұлғаларға нақты ұсыныстар берілді. Тараптар өткізілген іс-шараны сындарлы және жемісті деп танып, осыған ұқсас іс-шараларды жүйелі түрде өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#антикор #жол #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекеттік тулармен, арт-перформанстармен және бұқаралық акциялармен атап өтілді

Бүгін 17:40

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Бүгін 17:36

Жаңа Конституция – жаңа кезеңнің берік тұғыры

Бүгін 17:23

Түркі әлемі апталығы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры «Бірінші Түркологиялық съезд» атты іргелі монографияның тұсаукесерін өткізді

Бүгін 16:41

Қазақстандықтардың 17 млрд теңгеден астам айыппұлы кешіріледі – Тоқаев заңға қол қойды

Бүгін 16:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);