AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісі...

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Әлеумет 28.04.2026, 11:27 484
Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Өңірлік коммуникациялар қызметінде этномәдени бірлестіктің өкілдері қатысқан брифинг болып өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Долқунтай Әлиев этномәдени бірлестіктер қызметінің трансформациясы мен олардың Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосып жатқан үлесі туралы айтып берді.

Спикердің айтуынша, соңғы жылдары этномәдени бірлестіктердің рөлі едәуір артып, қазір олар дәстүрді ғана сақтауға атсалысып қоймай, сонымен қатар қоғамдық үдерістерге де белсене араласатын болыпты.

«Біз тек мәдени мұраны сақтаумен шектелмейміз. Этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға, жастардың бастамасын қолдап, ортақ азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға белсене араласа бастады», – дейді.

Жастармен жұмыс істеуге көп көңіл бөлінген. Мәселен, форумдар, волонтерлік жобалар, цифрлық бастамалар мен мәдени фестивальдерді көптеп өткізсе жастарды қоғамдық қызметке тартуға мүмкіндік береді екен.

Спикер ұйымдардың қалалық және республикалық іс-шараға белсене қатысып, ұйымдастырушы әрі серіктес ретінде жұмыс істейтінін айтты. Олардың қатарында этносаралық жобалар, ашық диалог алаңдары мен онлайн кездесулер де бар.

«Қазіргі таңда бірлескен этномәдени жобалар мен өзара іс-қимылдың жаңа форматтары, соның ішінде ашық пікірталас алаңдары мен жастар қатысатын бастамалар жақсы дамып келе жатыр», – деп айтады Долқунтай Әлиев.

Оның айтуынша, алдағы уақытта Алматыда халықтар достығы фестивальдері, жастар форумдары, қайырымдылық акциялары мен Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар өткелі отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бірлестік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Республика күніне орай мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:33

Елдік рух асқақтаған күн: Алматыда Республика күні қалай тойланды?

Бүгін 11:27

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: өңірлерде жаңа кәсіпорындар, инфрақұрылым және әлеуметтік сала нысандары ашылды

Бүгін 11:15

Алматының таулы аймақтарында экологиялық акция өтті

Кеше 19:55

Алматыда Республика күніне орай таулы аумақтарды тазарту бойынша экологиялық акция өтті

Кеше 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);