конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жалақысын жасырған қызметкерлерге ескерту...

Алматыда жалақысын жасырған қызметкерлерге ескерту жасады

Әлеумет 29.05.2026, 14:10 169 yakiya
Алматыда жалақысын жасырған қызметкерлерге ескерту жасады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда жалақысын жасырған қызметкерлерге ескерту жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері Алматының салық органдарына тұрғындардан бейресми жұмысқа орналасу мен әлеуметтік аударымның болмауына қатысты 500-ден астам шағым түскен. Жалақысын жасырып, салықтан жалтарудың қауіпі туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басқармасының басшысы Дәурен Қаймұхаметов айтып берді.

Спикердің айтуынша, Алматыда жұмыс берушілердің қызметкерлерді ресми түрде рәсімдемей, жалақының бір бөлігін «бөлек» беретіні әлі де азамай тұр екен. Әйтеуір көп ақша алсам болды деген оймен азаматтардың көбі мұндай шартқа келісе салып, оның салдары қандай боларына бас қатыра бермейді.

«Бір қарағанда жалақысын жасыру жұмыс берушіге де, қызметкерге де тиімді болып көрінуі мүмкін. Бірақ кейін кесірі тиеді оның. Зейнетақы мен әлеуметтік аударым жасалмағанын зейнетке шығып, декреттік төлемді, жәрдемақыны алар кезде барып бір-ақ біледі», — деді Дәурен Қаймұхаметов.

Департамент өкілдері ресми жұмысқа орналасу адамның әлеуметтік қорғалуына тікелей әсер ететінін еске салды. Ресми аударым болмаса, еңбек өтілі есептелмейді, зейнетақы мөлшері де азайып, еңбекке жарамсыздық парағын, демалыс ақысы мен жәрдемақыны рәсімдеуде қиындық келтіреді.

«Ресми жұмыс адамға жалақы ғана емес, әлеуметтік кепілдік те береді. Олар — зейнетақы жинақтары, медициналық сақтандыру, жұмысынан немесе еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда төленетін төлемдер. Сонымен қатар ресми табыстың болуы несие мен басқа да қаржылық қызметті рәсімдеу кезінде маңызды рөл атқарады», — деп атап өтті спикер.

Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіруінше, пәтер, автокөлік немесе басқа да мүлік сатып алынған жағдайда салық органдары азаматтың ресми табысы мен сатып алынған мүліктің құнын салыстыра алады. Егер шығын көлемі декларацияланған табыстан айтарлықтай жоғары болса, азамат қаражаттың қайдан алынғанын түсіндіруге міндетті. Дәурен Қаймұхаметовтің айтуынша, бұл қосымша тексеріске алып келуі мүмкін.

«Егер ресми табыс мүліктің құнына сәйкес келмесе, мемлекеттік органдарда қаражатты қайдан алғанын қатысты сұрақ туындайды. Содан қосымша салық, өсімпұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бүгін тиімді болып көрінген нәрсе кейін осылай шығын шектіреді», — деді ол.

Мемлекеттік кірістер департаменті барлық еңбек шарттары Enbek.kz порталында тіркелуі тиіс екенін еске салды. Зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды eGov.kz порталы, БЖЗҚ-ның жеке кабинеті, e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы тексеруге болады.

Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті жұмыс берушілерді қызметкерлерді ресми түрде рәсімдеп, барлық міндетті салық пен әлеуметтік төлемді уақытылы аударуға шақырды. Азаматтарға өздерінің ресми жұмыспен қамтылуын бақылап, аударымның тұрақты түрде жүргізіліп отырғанын өздері тексеріп отыруы керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жалақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Almaty Summer Fest аясындағы алты концертке 60 мыңнан астам көрермен жиналды

Бүгін 18:07

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы цифрлық ортада жасанды қоғамдық күн тәртібін қалыптастырудың заманауи тетіктеріне зерттеу жүргізді

Бүгін 17:29

Қазақстан сары май мен күнбағыс майының өндірісі мен экспортын ұлғайтты

Бүгін 17:23

Алматыда жаңа оқу жылы басталғанға дейін сегіз жаңа мектеп ашылады

Бүгін 17:18

Алматыда 14-15 шілдеде жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі

Бүгін 16:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);