Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда төтенше жағдайлар қызметі цифрланып жатыр...

Алматыда төтенше жағдайлар қызметі цифрланып жатыр

Әлеумет 20.02.2026, 12:35 157
Алматыда төтенше жағдайлар қызметі цифрланып жатыр
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметі Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп баспасөз турын өткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Онда журналистерге соңғы екі жылдағы құтқару бөлімшелерінің жұмысы мен азаматтық қорғау жүйесіндегі негізгі өзгерістер туралы айтылды. Жиында қазір халықты оқытуға, цифрландыру жағына, инфрақұрылымды жаңарту мен төтенше жағдай кезінде жылдам әрекет ету деңгейін арттыруға көп көңіл бөлініп жатқанын баяндады.

Алматының ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қуаныш Оспанов қала тұрғындарын түрлі оқыс оқиға кезіндегі іс-қимылдарға даярлау департамент үшін басым бағыт болып қала беретінін айтты.

«Біздің азаматтық қорғаныс басқармасы халықты оқытумен айналысады. Өткен жылы біз азаматтық қорғау саласында халықты оқытып, даярлаумен айналысатын жаңа орталық аштық. Ол қаланың орталығында — Райымбек даңғылы, 129/147 мекенжайында орналасқан. Мұнда аудан әкімдері мен олардың орынбасарларынан бастап, кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандарына дейінгі аралыққа арнап стационарлық сабақ өтеді», - дейді.

Оның айтуынша, курс екі не үш күнге созылады, оқу қорытындысы бойынша тыңдаушылар тестілеуден өтіп, белгіленген үлгідегі сертификаттар алады.

«Стационарлық сабақтардан бөлек, біз көшпелі дәрістерді, мектептер мен балабақшаларда интерактивті сабақтарды үзбей түрде өткіземіз, әсіресе өсіп келе жатқан ұрпаққа ерекше назар аударылады. Өйткені қауіпсіздікке қатысты дағдыны әркім бала кезден біліп өсуі керек», - дейді Қуаныш Оспанов.

ТЖД жұмысының цифрландырылуы да маңызды қадамның бірі болды.

«Төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасымен «ТЖ Алматы» мобильді қосымшасы әзірленді. Оны App Store мен Play Market платформасынан тегін жүктеп алуға болады. Қосымшада жаңалық, күн райының болжамы, оқыту жадынамасы мен бейнероликтер жарияланады, эвакуация кезінде паналайтын пункттердің картасы да сонда орналасқан», - деді спикер.

Баспасөз туры барысында журналистерге департаменттің негізгі бөлімшесі — Жоспарлау мен жедел басқару орталығы да көрсетілді.

«Бұл ТЖД-ның ойланатын орталығы. Мұнда кезекші бөлім, жедел кезекшілер, 112 мен 101 желісі орналасқан. Тәулігіне біз үш мыңнан астам қоңырау қабылдаймыз, оның ішінде жүйе арқылы полицияға немесе жедел жәрдем қызметіне бағытталатын өтініштер де бар», - деді Қуаныш Оспанов.

Орталық замандық цифрлық шешімдермен, соның ішінде қалалық камераларға қолжетімділігі бар бейнеқабырғамен жабдықталған. Бұл, мысалы, өрт кезінде жағдайды бастапқы кезеңде-ақ көзбен бағалап, қажетті күш пен құралдар санын жедел анықтауға мүмкіндік береді. Қуаныш Оспановтың айтуынша, мұндай тәсіл жұмысты тиімді ете түседі екен.

Спикер сейсмикалық қауіпсіздік мәселесі мен жер сілкінісі кезіндегі халықтың іс-қимылына да тоқталды.

«Жер сілкінгенде ғимараттардан, бағандар мен ағаштардан алыстау тұрған жерлерді жиналатын орын ретінде ұсынамыз. Егер адам ғимарат ішінде болса, терезе мен ауыр жиһаздан алшақ тұрып, көтергіш қабырғаға жақындап, басын қолымен бүркеп, қорғануы қажет», - деп ескертті ТЖД өкілі.

Алматыда болған жер сілкінісі кезінде дабыл неге қосылмағанын да айтты.

«Эпицентр 78 шақырым жердегі Есік қаласы маңында орналасқандықтан, Алматыда ол 2–3 баллдай ғана болды. Қалада мұндай тербеліс жиі болады, сондықтан соған бола дабыл қаққан жоқпыз», - деді Қуаныш Оспанов.

ТЖД өкілдері жер сілкінісін алдын ала болжау мүмкін болмағанымен, қалада халықты даярлау мен хабардар етуге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Төтенше жағдайлар кезінде шұғыл ақпараттандыру жүйесі теле- және радиоканалдардың эфирін қажет болған жағдайда үзіп, қала тұрғындарына іс-қимыл жөніндегі нұсқауларды жедел жеткізуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Төтенше жағдайлар департаменті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері Алматыда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:40

Тоқаев ҚМА төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Бүгін 16:15

Үкімет Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Бүгін 15:57

Алматыда шығарындыларға бақылау күшейтіліп, төмен эмиссиялы аймақтар енгізіледі

Бүгін 15:45

Алматыда жоғары оқу орындары арасындағы ең ауқымды спорттық турнир - ALMA CUP 2026 басталады

Бүгін 15:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика