AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ТазаТау көрмесі ашылды

Алматыда ТазаТау көрмесі ашылды

Әлеумет 27.04.2023, 10:31 1,443 Almaty-akshamy.kz. 
Алматыда ТазаТау көрмесі ашылды
Сурет: ашық дереккөз

 Экологияны қолдаушы #ТазаТау бастамашыл тобының белсенділері табиғат аясында өзін-өзі дұрыс ұстауды насихаттайтын плакаттар көрмесіне қатысатын жұмыстарды таңдап алды. Көрме 26 сәуірде Алматыда ашылып, 4-інші сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.






Кейін жұмыстар Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінде қойылады.


Арт-жоба табиғатты ластаушылармен күреске арналған. Оны ұйымдастырушылар қатысушылардан шара аясында таудағы тазалықты сақтауды насихаттау мақсатында жасалған плакаттармен жеке парақшаларында бөлісуді сұрайды.



 «Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі қызметкерлерінің мәліметінше, паркке жақын орналасқан Бутаковка, Қимасар, Алмарасан бағытының өзінен-ақ жыл сайын 700-ден 900 тоннаға дейін қоқыс шығарылады екен. Ал еліміз бойынша табиғаттағы тазалық мәселесі адам шошырлық жағдайда, ал мұны біз бірлесіп тоқтатуымыз керек», - деді бірлескен жұмыстың маңыздылын атай отырып, эко-белсенді және #ТазаТау экологияны қолдауға арналған бастаманың басты ұйымдастырушысы Ажар Жандосова.



Көрмеде 27 қатысушының түрлі жанрдағы 42 жұмысы қойылады. Қазақстандық суретшілер, иллюстраторлар мен дизайнерлерден байқау аясында келіп түскен барлық жұмыстар әділ қазылар алқасының бірауыздан шығарылған шешімімен көрмеге қойылатын болды. Байқау жеңімпаздары вернисажда жарияланады.


Арт-куратор Оля Веселованың айтуынша, байқауға қатысушылардан бөлек көрмеде әлемге әйгілі Георгий Трякин-Бухаров, Сәуле Сүлейменова, Шамиль Гулиев секілді суретшілердің қоршаған ортаға зиянын ерекшелеп көрсететін картиналары қойылады. Plastic_Harahura тобының қайта өңделген пластиктан жасалған скульптурасы экспозицияның бөлігі болады.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТазаТау #Көрме #Экология #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Бүгін 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Бүгін 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);