AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін экологиялық по...

Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін экологиялық посттар орнатылады

Әлеумет 10.08.2022, 07:07 1,891
Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін экологиялық посттар орнатылады
Сурет: Zhasalash.kz

Эконорманы бұзған жүргізушіге ескерту немесе 10 АЕК (30 630 теңге) көлемінде айыппұл салады.


Қалалық экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы Автокөлік құралдарынан шығатын зиян заттарды өлшеу ережесін әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ережеде Алматы қаласындағы стационарлық және жылжымалы экологиялық посттардың толыққанды жұмыс істеуі үшін қажет жұмыстың толық кешені, сонымен қатар автокөлік құралдарының пайдаланылған газындағы реттелетін ластаушы заттардың тізбесі қамтылған. Стационарлық экологиялық бекеттер жыл бойына тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді.


Стационарлық және жылжымалы посттарда өлшенетін көліктердің саны күніне кемінде 500 бірлік болады деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда, пайдаланылған газ өлшенеді.


Автокөлік құралдарын тоқтатудың басымдылығы:


Алматы қаласы полиция департаментінің жедел бағыты;


уәкілетті органның хабарламасы;


жол бақылау камераларымен, оның ішінде Сергек жүйесімен берілген деректер;


автокөлік құралдарын визуалды бақылау (сыртқы түрі) бойынша;


жолдан сынама алу.


Ережеге сәйкес, полиция қызметкері таяқшамен автокөлікті тоқтатады. Көлікті тоқтатқаннан кейін жүргізушіге жақындап, өзін таныстырып, тоқтау себебін түсіндіреді.


Өз кезегінде есепке алу маманы пайдаланылған газдарды өлшейді және алынған мәліметтер негізінде автоматты түрде электронды өлшеу хаттамасын жасайды және оны сақтау үшін деректер базасына береді. Көлік экологиялық стандарттарға сай болса, жүргізуші қозғалысын жалғастырады.



Пайдаланылған газдардың экологиялық нормасынан асып кеткені бастапқы анықталған кезде полиция қызметкері жүргізушіге ескерту немесе 10 АЕК (30 630 теңге) көлемінде айыппұл салады.



Осыдан кейін жүргізуші 10 жұмыс күнінде көлікті экологиялық нормаларға сәйкестендіріп, бақылау өлшеуі үшін экологиялық бекетке келуі керек. Пайдаланылған газдың экологиялық нормасынан бірнеше рет асып кетуі анықталса, жүргізушіге 20 АЕК (61 260 теңге) көлемінде айыппұл салынады.



Бұл ретте ақауы бар көлік айыппұл төленгенге дейін қамау алаңына жіберіледі, айыппұл төленгеннен кейін жүргізушіге көлікті қалыпты жағдайға келтіру үшін 10 жұмыс күні беріледі.



Стационарлық экологиялық посттар биіктігі кемінде 4,5 метр және ұзындығы 2,5 метр шатырмен, жұмыс бөлмесімен, компьютерлер, бейнебақылау жүйелері жиһаздар, тұрмыстық бөлме, ванна, жұмыс бөлмесі, сыртқы және ішкі жарықтандырумен, кондиционерлермен, жылыту жүйелерімен жабдықталуы керек.



Ереже сонымен қатар автокөліктің пайдаланған газын өлшеу әдістемесін және техникалық талаптарды анықтайды. Құжат 23 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#экопост #Алматы #ереже
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жолдарда су тасқынына дайындық жүргізіліп жатыр

Бүгін 17:09

Алматылықтар ұлттық киім киіп, Наурызды мұз айдынында атап өтіп жатыр

Бүгін 16:59

Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар қосылады

Бүгін 16:56

Алматы тұрғыны SIM-карталарды тіркеу схемасына қатысқаны үшін сотталды

Бүгін 16:30

Алматыдағы форумда жастардың жаңа Конституцияны қабылдаудағы рөлі айтылды

Бүгін 16:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика