Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда спорт басқармасының жанынан арнайы монито...

Алматыда спорт басқармасының жанынан арнайы мониторингтік топ құрылды

Спорт 11.03.2022, 10:55 1,648
Алматыда спорт басқармасының жанынан арнайы мониторингтік топ құрылды
Сурет: Kapital.kz.

Шаһарда түрлі бағытта 3611 спорт кешені бар.


Қалалық спорт басқармасының жанынан арнайы мониторингтік топ құрылды. Мақсат – мегаполисте нәтижесіз спорт түрлерін қысқартып, орнына қажетті деген секциялардың сағатын көбейту. Бұл туралы бүгін қалалық әкімдікте өткен жиын барысында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.


"Жүйелі жұмыс алматылық спортшылардың бір бағыт бойынша тұрақты түрде дамуына ықпал етеді", - дейді спорт басқармасының басшысы. Кеңесте қаладағы спорттық-мәдени шаралардың санын азайту мәселесі де сөз болды. Мәселен, халықаралық турнирлерді қосқанда Алматының өзінде өткен жылы 1200-ге жуық шара өткен. Бұған жұмсалған бюджеттің қыруар қаржысын жасөспірімдердің спорт секцияларына жұмсау керектігі ұсынылды. Сонымен қатар көпшілік қазір Бейжіңде өтіп жатқан XIII Қысқы Паралимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғап жатқандардың ішінде алматылық спортшының болмағаны сын деді. Бүгін жұмысын бастайтын мониторингтік топ мүшелері осы сынды мәселелердің алдын алу жолында жұмыс істемек.



«Биыл қаладағы орталық стадионды күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлап отырмыз. Күрделі жұмыс істеп қана қоймай, оған қосымша алаң салынады. Сондай-ақ 2022-2024 жылдарға спорттық жабдықтарды жаңғырту жоспарланған. Нәтижесінде қаладағы спорт мектептеріне заманауи құралдар сатып алынады. Бұл спортшылардың жаттығу сапасының артуына ықпал етеді», – деді спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов.



Айта кеткен жөн, бүгінде Алматыда түрлі бағытта 3611 спорт кешені бар. Одан бөлек, 3 ауданда жаңа ғимарат салынып жатыр. Ал "Кемел" шағынауданындағы бой көтеріп жатқан денешынықтыру-сауықтыру кешені жуырда пайдалануға берілмек. Онда жекпе-жек спорт түрлері мен көркем гимнастика залдары бар. Одан бөлек, жыл соңына дейін теннис орталығының құрылысы аяқталмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спорт #топ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика