AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қоғамдық көліктің жолақысын көтеру жоспар...

Алматыда қоғамдық көліктің жолақысын көтеру жоспарланып отыр

Әлеумет 01.07.2024, 11:22 631
Алматыда қоғамдық көліктің жолақысын көтеру жоспарланып отыр
Қайрат Қоныспаев

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 20 теңгеге көтеру мүмкіндігі қарастырылуда. Қала әкімдігінің қаулы жобасы қоғаммен талқылану үшін «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15105017)

Қалалық мобилділік басқармасы 80 теңгелік тариф 2011 жылдан бері өзгермегенін және былтыр ғана 20 теңгеге өскенін атады. Қазіргі уақытта Алматыда қоғамдық көліктегі тарифтің құны қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеген кезде 100 теңге, ал қолма-қол төлеген кезде 200 теңге мөлшерінде белгіленген.

Бұл ретте, ведомство осы жылы қоғамдық көлікте жол жүру үшін орташа тариф 310 теңге, ал кейбір маршрутта 400 теңгеге жететінін атап өтті. Осыған байланысты жыл сайын тасымалдаушыларға төленетін субсидия мөлшері өсуде. Егер 2023 жылы 68,7 млрд. теңге бөлінсе, 2024 жылы субсидияның болжамды сомасы 97,3 млрд. теңгеге дейін өсті. Осылайша, қазіргі тариф бойынша субсидиялау мөлшері үнемі өсіп отырады, бұл жергілікті бюджет үшін шамадан тыс болуы мүмкін.

«Қала тасымалдаушылары қолданыстағы тариф тасымалдаушылардың автобус сатып алуға, жаңартуға және уақытылы қызмет көрсетуге, сондай-ақ жүргізушілердің жалақысын көтеруге жұмсаған шығынды өтемейді деп бірнеше рет мәлімдеді. Тасымалдаушыларға және жергілікті бюджетке жүктемені ішінара азайту мақсатында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тариф белгілеу туралы қала әкімдігі қаулысының жобасы дайындалды. Жоба жол жүру тарифін 120 теңгеге дейін көтеруді көздейді. Тиісінше, азаматтардың жеңілдетілген санаттары үшін жол жүру құны тарифтің 50%-ы болады», - делінген басқарманың хабарламасында. 

Сонымен қатар, қоғамдық көлікте жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жүру ақысын қолма-қол ақшамен төлеуді жою көзделген. Бұл автобус жүргізушісіне көлік құралын басқаруға және ақша жинауға алаңдамауға мүмкіндік береді.

Қалалық мобилділік басқармасы жаңа тариф кезінде субсидиялаудың болжамды көлемі 2024 жылы 7 млрд. теңгеден астамға қысқаратынын атап өтті. Бұл қала тұрғындарының талабын ескере отырып, қоғамдық көлікте көп жүруді арттыруға қосымша қаржы жұмсауға мүмкіндік береді.

Мәселен, 2023 жылы қала әкімдігі 600 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып алды. Биыл қосымша 600 автобус, 100 троллейбус және 100 электробус сатып алу жоспарланған. Бұл техникаларды сатып алуға 160 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұған қоса, жеке тасымалдаушылар 2023 жылы 550 автобус, 2024 жылы 400-ге жуық жаңа автобус сатып алуды жоспарлаған.

Биыл BRT, LRT және метро сияқты жедел қоғамдық көлікті дамытуды көздейтін көлік қаңқасының шебер жоспарын жүзеге асыру басталды. 2030 жылға қарай қалада ұзындығы шамамен 300 км болатын 42 көлік дәлізі құрылады, бұл қаладағы тұрғын үй аумағының төрттен үш бөлігін қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жолақысын төлеу және тегін тасымалдауда тарифтік мәзір әзірленеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолақы #Жолаушы #көлік #автобус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бұтақты шатқалында 700-ден астам адам бас қосты

Бүгін 14:09

Алматыда тротуарлар арнайы тазартқыш құралдармен жуылып жатыр

Бүгін 14:04

Президент Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, жастардың еңбегін ерекше атап өтті

Бүгін 14:02

Мыңға жуық алматылық Аюсайды тазалады: «Таза Қазақстан» акциясы аясында 450 м³ қалдық шығарылды

Бүгін 13:55

Алматыда кітапханашыларға арналған республикалық хакатон өтті

Бүгін 12:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика