AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары №181 жа...

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары №181 жалпы білім беретін мектеп ұжымымен кездесті

Сайлау 2026 Бүгін 19:23 28
Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары №181 жалпы білім беретін мектеп ұжымымен кездесті
Фото: "Әділет" партиясы

Талқылаудың негізгі бағыттарының бірі білім беру жүйесін жаңғырту, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту және заманауи оқыту технологияларын енгізу болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының Алатау ауданындағы №181 жалпы білім беретін мектепте «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыруға арналған кездесу өтті. Жиында партияның Алматы қаласы бойынша 2026-2031 жылдарға арналған бағдарламалық басымдықтары, білім беру инфрақұрылымын дамыту, педагогтердің кәсіби мәртебесін арттыру және сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Басқосуға «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Гүлжан Бекенова, Алатау аудандық сайлауалды штабының мүшелері және мектептің педагогикалық ұжымы қатысты.

Талқылаудың негізгі бағыттарының бірі білім беру жүйесін жаңғырту, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту және заманауи оқыту технологияларын енгізу болды. Педагогтердің кәсіби дамуына қолайлы жағдай жасау, оқу үдерісінің тиімділігін арттыру және білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жетілдіру мәселелеріне де назар аударылды.

Алатау ауданында орналасқан №181 жалпы білім беретін мектеп өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беретін оқу орындарының бірі. Осыған байланысты кездесуде мектептердің білім беру әлеуетін арттыру, оқушылардың қабілеттерін дамытуға жағдай жасау және педагогтердің кәсіби бастамаларын қолдау мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген білім беру саласындағы міндеттер де назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымға деген қажеттілікті ескере отырып, жаңа мектептер салу, қолданыстағы білім беру нысандарын жаңғырту, педагогтердің әкімшілік жүктемесін азайту және инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру мәселелері қозғалды.

«Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Гүлжан Бекенова білім беру сапасын арттыруда педагогтерге қолайлы еңбек жағдайын жасау мен әрбір оқушының жеке қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін білім беру ортасын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

«Сапалы білім - елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастыратын басты негіздердің бірі. Сондықтан мектеп инфрақұрылымын дамыту, педагогтердің кәсіби мәртебесін нығайту және олардың еңбек жағдайын жақсарту мәселелері әрдайым назарда болуы тиіс. Біздің алдымызда әрбір баланың қабілеті мен қажеттілігін ескеретін, заманауи талаптарға сай әрі қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыру міндеті тұр. Бұл ретте ұстаздарды артық әкімшілік жүктемеден босатып, олардың негізгі қызметі - сапалы білім мен тәрбие беруге толыққанды көңіл бөлуіне жағдай жасау аса маңызды», - деді Гүлжан Бекенова.

Кездесу педагогикалық қауымдастықтың өзекті қажеттіліктерін талқылауға, білім беру саласындағы мемлекеттік бастамалар мен партияның бағдарламалық бағыттары жөнінде пікір алмасуға және мектеп білімін одан әрі жетілдіру мәселелерін қарастыруға мүмкіндік берді.

 Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.                                   

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Әділет» партиясы кардиология қызметін дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін 19:27

Президент ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Бүгін 18:17

Қазақстан құрамасы Азия кубогының финалдық кезеңіне шықты

Бүгін 18:09

Азиадада алтыннан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваға бір бөлмелі пәтер сыйға тартылды

Бүгін 18:04

Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды

Бүгін 17:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);