AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / Алматыда «Әділет» партиясы кардиология қызметін да...

Алматыда «Әділет» партиясы кардиология қызметін дамыту мәселелерін талқылады

Сайлау 2026 Бүгін 19:27 22
Алматыда «Әділет» партиясы кардиология қызметін дамыту мәселелерін талқылады
Фото: «Әділет» партиясы

Емдеу-диагностикалық үдерістердің тиімділігін арттыруға және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгін Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында Қалалық кардиологиялық орталықтың ұжымымен кездесті. Басқосуда медициналық инфрақұрылымды жаңғырту, мамандандырылған медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, медицина қызметкерлерінің кәсіби құқықтарын қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Кездесуге «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, Алмалы аудандық сайлауалды штабының мүшелері және Қалалық кардиологиялық орталықтың ұжымы қатысты.

Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі Қалалық кардиологиялық орталықтың жаңа корпусын салу мәселесі болды. Сонымен қатар емдеу-диагностикалық үдерістердің тиімділігін арттыруға және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Жиын барысында медицина қызметкерлерінің құқықтық қорғалуын күшейту, кәсіби әдеп қағидаттарын сақтау және қоғамда дәрігер мамандығына деген құрметті қалыптастыру мәселелері де кеңінен талқыланды. Осы бағытта ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды жандандыру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы медицина мамандары еңбегінің маңыздылығын кеңінен насихаттау және олардың кәсіби беделін қорғау тетіктерін жетілдіру жөнінде пікір алмасылды.

«Медициналық көмектің сапасы тек мекемелердің заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне ғана емес, дәрігерлердің күнделікті еңбек ететін жағдайына да тікелей байланысты. Әрбір дер кезінде қойылған диагноздың, сәтті жасалған операцияның және құтқарылған өмірдің артында медицина мамандарының орасан зор еңбегі жатыр. Сондықтан олардың кәсіби құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамда дәрігер мамандығына деген құрметті нығайту денсаулық сақтау жүйесін кешенді дамытудың ажырамас бөлігі болуы тиіс. Біздің міндетіміз - медицина қызметкерлері өздерінің басты миссиясына, яғни адам денсаулығы мен өмірін сақтауға толыққанды көңіл бөле алатын қолайлы орта қалыптастыруға ықпал ету», - деді «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Ермағамбет Қуатбаев.

Кездесуде тар бейінді дәрігерлердің автокөліктеріне арнайы айырым белгілерін енгізу бастамасы да қызығушылық тудырды. Қатысушылардың пікірінше, мұндай шара медицина мамандарының кәсіби міндеттерін орындауын, әсіресе пациентке шұғыл жету қажет болған жағдайларда қала ішінде қозғалуын жеңілдетуі мүмкін. Осыған байланысты шетелдік тәжірибені, оның ішінде АҚШ-та қолданылатын MD (Medical Doctor) белгісін пайдалану тәжірибесін зерделеу, сондай-ақ қолданыстағы заңнама мен қалалық автотұрақ инфрақұрылымының ерекшеліктерін ескере отырып, осындай тетіктерді Алматыда енгізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Медицина қауымдастығы тарапынан айтылған ұсыныстар әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға және қызметкерлердің кәсіби құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтар аясында қарастырылды.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары №181 жалпы білім беретін мектеп ұжымымен кездесті

Бүгін 19:23

Президент ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Бүгін 18:17

Қазақстан құрамасы Азия кубогының финалдық кезеңіне шықты

Бүгін 18:09

Азиадада алтыннан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваға бір бөлмелі пәтер сыйға тартылды

Бүгін 18:04

Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды

Бүгін 17:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);