Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Қала күнінде 227 көпбалалы отбасы пәтер к...

Алматыда Қала күнінде 227 көпбалалы отбасы пәтер кілтіне ие болды

Әлеумет 19.09.2021, 04:43 1,171
Алматыда Қала күнінде 227 көпбалалы отбасы пәтер кілтіне ие болды
Cурет: Әкімдік

Қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасыларға 227 үш бөлмелі пәтер бөлінді.



Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданының «Алма Сити-5» тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтерлерді алған жаңа қоныстанушыларды құттықтады. Үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жаңа қоныстанушыларды құттықтай отырып, мегаполис әкімі Б. Сағынтаев қала тұрғындарына әлеуметтік қамқорлық әкімдік жұмысының басты бағыты екенін айтты. Жыл басынан бері 2 340 мұқтаж отбасыға жеңілдікпен несие беру аясында тұрғын үй берілді. Соның ішінде коммуналдық тұрғын үй қорынан - 41; «Бақытты отбасы» республикалық бағдарламасы аясында көп балалы, толық емес отбасылар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 181 несиелік заем берілді.



Бұл ретте Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың бастамасымен көп балалы отбасыларға берілетін несие санын көбейту мақсатында жергілікті бюджеттен кезекте тұрғандарға жеңілдетілген несиелерді қосымша қаржыландыруға 3,3 млрд теңге бөлінді. Бұл шара тағы 223 несие беруге мүмкіндік береді. Барлығы «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 1 013 отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда.


«Шаңырақ» республикалық бағдарламасы (5-10-20) аясында 2021 жылы 1 310 несиелік заем берілді. Жұмыс істейтін жастарға 1050 жалға берілетін пәтер бөлінді. Бүгінде «Алматы жастары» қалалық жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша 772 несиелік заем берілді. Жыл соңына дейін қамту кемінде 1 000 несиелік заемды құрайтын болады.


Сонымен қатар, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, алғашқы төлемнің бір бөлігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу үшін 1 миллион теңге сомасындағы тұрғын үй сертификаттары әлеуметтік көмек түрінде өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді. Қаланың кезекте тұрған тұрғын үй сертификатын алушылар - 1 және 2 топтағы мүгедектер; мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; көпбалалы отбасылар.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қала күні #Алматы #Сағынтаев #баспана #отбасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АБАЙТАНУШЫЛАР СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

Кеше 19:50

Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі

Кеше 18:42

Зейнеткерлерге қай ел жайлы?

Кеше 17:39

Алматыда Жамбыл атындағы кітапхананың мерейтойы мен ақынның 180 жылдығы аталып өтті

Кеше 17:27

Табысы төмен отбасыларға ақша беріледі деген рас па?

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі