AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда полиция бұрын сотталған азаматтарды жұмыс...

Алматыда полиция бұрын сотталған азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектесті

Заң мен тəртіп 18.02.2025, 17:10 1,141 dulatbekova
Алматыда полиция бұрын сотталған азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектесті
Сурет: Polisia.kz

Ішкі істер министрі жариялаған "Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде", сондай-ақ "Есептегі тұлға" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы қаласының полиция қызметкерлері бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және оларды жұмысқа орналастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.

Тек Түрксіб ауданының өзінде бұл іс-шара барысында ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған үш адам тұрақты жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

– Бұрын сотталған азаматтардың қылмысқа қайта бармауы үшін олардың әлеуметтік қорғалуы мен қоғамға бейімделуі аса маңызды. Тәжірибе көрсеткендей, тұрақты табысы жоқ адамдар қылмысқа жиі барады. Сондықтан біз пробация қызметімен бірлесе отырып, жұмысқа орналастыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргіземіз. Учаскелік полиция инспекторлары жұмыспен қамту орталықтарына ай сайын есептегі азаматтардың тізімін жолдап отырады. Өткен жылы осындай шаралар нәтижесінде 24 адам тұрақты жұмысқа орналасқан, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының басшысы Думан Аухадиев.

 Сонымен қатар қайталанатын қылмыстардың алдын алу мақсатында учаскелік инспекторлар пробация қызметімен бірлесіп, есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты жері бойынша күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізуде. – Бүгінде ауданымызда 318 азамат түнгі уақытта тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Нәтижесінде үш заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде бір азаматқа ҚР әкімшілік заңнамасын бұзғаны үшін хаттама толтырылды, ал екі адамға қатысты соттың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы шешімі жойылды, – деді Думан Аухадиев.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/almatyda-politsiya-buryn-sottalghan-azamattardy-zhumysqa-ornalastyrugha-komektesti/

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #жұмысқа орналастыру #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда колледждерге мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары бекітілді

Бүгін 12:16

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 12:03

Отбасы – бақыт мекені: Алматыда «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы өтті

Бүгін 12:00

Алматыда автобус парктеріне қойылатын экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 11:38

Алматылық дәрігерлер италиялық туристі аман алып қалды

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);