AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда полицей мен фельдшер жанып жатқан үйден ә...

Алматыда полицей мен фельдшер жанып жатқан үйден әйелді құтқарып қалды

Оқиға 19.12.2022, 02:40 899
Алматыда полицей мен фельдшер жанып жатқан үйден әйелді құтқарып қалды
Сурет: Ашық дереккөз

Құтқару барысында полиция аға лейтенанты жарақаттанды.


Алматыда полицей мен фельдшер жанып жатқан үйден әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 18 желтоқсан күні таңғы сағат 10:24 кезінде «101» пультіне Медеу ауданы, Ахмедсафин көшесінде орналасқан №8 үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті.



«Оқиға орнына 6 минутта жеткен өрт сөндірушілер, үйдің шатыры мен төбе жабындысының жанып жатқанын анықтады. Жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт 23 минут ішінде оқшауланып, 11:15-те толығымен жойылды. Өртпен күрес мамандары көрші тұрғын үйді өрттен қорғап қалды. Өртті жоюға ТЖД құрамынан 30 қызметкер, 6 бірлік техника және қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды»,- хабарлады Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінен.



Ведомство мәліметінше, «Буран-240» экипажының патрульдік полиция полкінің аға инспекторы Бағдат Бақытжанұлы Әшеков пен ЖМК № 10 станциясының фельдшері Тахир Руземов өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өз өмірі мен денсаулығын қатерге тігіп, жанып жатқан үйден аяғының жарақатына байланысты (отадан кейінгі жағдайы) үй-жайдан өз бетінше шыға алмай отырған 31 жастағы әйелді құтқарды.


Құтқару барысында, полиция аға лейтенанты Бағдат Ашеков жарақаттанды. Дәрігерлер тексеріп, медициналық көмек көрсеткеннен кейін ол қызметіне қайта оралды.



«Патрульдік полиция полкінің аға инспекторы, аға лейтенант Бағдат Бақытжанұлы Ашеков пен № 10 ЖМКҚ фельдшері Тахир Руземов Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшылығымен марапаттауға ұсынылатын болады», - деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметінен.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#өрт #полиция #құтқару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Мемлекетінің Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін 14:29

Енді мемлекеттік қызметкерлер 4-ақ күн жұмыс істеуі мүмкін

Бүгін 14:01

Алматыда Санжар Боқаев ұсталды

Бүгін 13:37

Алматы колледждері еліміздің ішкі туризмін дамытуға үлес қосып келеді

Бүгін 12:37

Алматыда заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді

Бүгін 12:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика