конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда пәтер алаяқтары әшкереленді

Алматыда пәтер алаяқтары әшкереленді

Әлеумет 20.12.2024, 11:43 1,472 Bakyt
Алматыда пәтер алаяқтары әшкереленді
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласының Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ірі алаяқтық ісін ашып, заңдылықты қалпына келтірді. Құқық қорғау органдарының жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында жергілікті тұрғынның құқығы қорғалды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алаяқтар азаматтың пәтерін заңсыз иемденуге әрекет жасап, оны алдап кетуге тырысқан. Дегенмен, Медеу аудандық полиция басқармасының анықтау бөлімінің қызметкерлері бұл қылмысты терең зерттеп, әрбір эпизодты мұқият талдау арқылы әділеттілікті орнатты.

Зардап шеккен азамат полиция қызметкерлерінің кәсібилігіне ризашылығын білдіріп, Алматы қаласы құқық қорғау органдарының басшылығына алғыс хат жолдады. Хатта былай делінген:

– Медеу аудандық полиция басқармасының анықтау бөлімінің қызметкерлері пәтерімді заңсыз иемдену әрекетіне байланысты алаяқтық істі кәсіби деңгейде тергеді. Олар әрбір жағдайды мұқият зерттеп, әділеттілікті қалпына келтіруге көмектесті. Полиция қызметкерлеріне кәсібилігі, адамгершілігі және бізге деген шыдамдылығы үшін үлкен алғысымды білдіремін. Біздің құқық қорғау органдарында өз ісінің нағыз мамандары мен адам тағдырына бей-жай қарамайтын азаматтардың қызмет етіп жатқаны мақтанарлық жайт.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаны полиция қызметкерлерінің заң үстемдігін сақтаудағы адал еңбегінің жарқын үлгісі екенін атап өтті.

Медеу аудандық полициясының мұқият жұмысы құқық қорғау органдарының әділдік пен заңдылықты сақтау жолындағы табандылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #пәтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);