конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда өзен арналары бекітіліп, тау соқпақтары к...

Алматыда өзен арналары бекітіліп, тау соқпақтары көркейтіліп жатыр

Әлеумет 27.02.2025, 10:57 656 Nursok82
Алматыда өзен арналары бекітіліп, тау соқпақтары көркейтіліп жатыр
Алматы қаласы әкімдігі

Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев тау аймақтарында өзен арналары мен инфрақұрылымды нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Тау өзендеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды міндетінің бірі – мұзды-сулы тасқындардың салдарын жою және олардың қайталану қаупін азайту.

«2025 жылдың ақпан айында Есентай өзенінің арнасында тасқын ағынын бәсеңдететін және мұздың жиналуын болдырмайтын жасанды құрылғыларды орнату жұмыстары аяқталды. Жоба аясында 20 мың шаршы метр түптік шөгінділер қоймасы тазартылып, 650 метр жағалау габионды құрылымдармен бекітілді, 39 ұстап қалу құрылысы мен 11 бөгет салынды. Бұл жұмыстарға 1,9 млрд теңге бөлінді», – деді Е.Досаев. 

Сонымен қатар, туризмді дамыту мақсатында таулы аймақтардағы туристік нысандарға апаратын жолдардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылдың тамыз айында «Мохнатка» және «Горельник» тауларындағы көшкін салдарын жоюға 1,9 млрд теңге бөлінді. Жұмыс барысында 100 мың шаршы метр аумақ тазартылып, 62 мың шаршы метрден астам тау баурайы бекітілді, сондай-ақ 3 шақырым су бұру жүйесі салынды. 

Айта кету керек, 2024 жылы тау туризмі инфрақұрылымын жақсарту аясында 1000 шақырымнан астам тау маршруттары цифрландырылып, оның 750 шақырымнан астамы көркейтілді, сондай-ақ 13 кемпинг-аймақ құрылды. 

Барлық маршрут 2Gis және View Ranger сияқты танымал навигациялық платформада қолжетімді болып, саяхатты жоспарлауды айтарлықтай жеңілдетті. Бағыттарда ақпараттық стендтер, бағыт көрсеткіштері және QR-кодтар орнатылып, туристер олардың күрделілік деңгейі, ұзындығы мен өту уақыты туралы мәлімет ала алады.
 
«Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағын көркейтуге де ерекше назар аударылды. Мұнда ұзындығы шамамен 100 шақырым болатын 10 бағытта жұмыстар аяқталды. «Альпинград», «Титова» және «Поляна Терра» атты 3 заманауи кемпинг-аймақ құрылды. 

Бұл шаралар саяхатшылар үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, сондай-ақ аймақтың белсенді демалыс үшін тартымдылығын арттыруға мүмкіндік берді

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тау қыраттары #көшкіннің алдын алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қытайда «Ұлы дала көшпелілерінің мәдениеті» көрмесі ашылды

Кеше 20:15

Алматыда үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді

Кеше 19:11

Өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады: Алматыда 109 байланыс орталығы тәулік бойыжұмыс істейді

Кеше 19:10

Егер сайлау күні тіркелген жеріңіздеболмасаңыз: есептен шығару куәлігін қалайалуға болады

Кеше 19:08

Алматыда Әшімов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);