ffin.kz

Алматыда орташа статистикалық туристің бейнесі жасалды

Алматыда орташа статистикалық туристің бейнесі жасалды Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Almaty Tourism Bureau ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің және Mastercard-тың қолдауымен Алматыға келетін туристің орташа статистикалық бейнесін жасады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

ҰСБ және Mastercard-тың Tourism Insights аналитикалық платформасының мәліметтерін талдау нәтижесі көрсеткендей, шетелдік туристердің негізгі бөлігі достарымен бірге немесе жалғыз саяхаттайтын 26-35 жас аралығындағы ер адамдар. Шетелдік туристер мәдени іс-шараларды және экотуризмді жөн көреді, 42%-ы қонақ-үйлерде тұруды таңдайды. Орташа алғанда, олар Алматыда 5 күн болады және күніне шамамен 334 доллар жұмсайды.  

Ішкі туристер негізінен 18-25 жас аралығындағы ер адамдар. Олар көбінесе туыстарына барады немесе хостелдерде тоқтағанды қалайды.  Орташа шығындары күніне 38 долларды құраса, болу ұзақтығы 2 күн. Шетелдік туристің шығындары ішкі туристің шығындарынан 8,7 есе көп.

Жалпы, Алматының туристік саласы тұрақты өсім көрсетуді жалғастыруда. 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматыға келген туристер саны 10,1%-ға артып, 1 070 358 адамға жетті. Шетелдік туристер сегментінде айтарлықтай өсім байқалып, олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 15,6%-ға артып, 302 358 адамды құрады. Бұл Қазақстандағы жалпы туристік ағынның 53,3%-ын құрайды.  

2024 жылдың алғашқы сегіз айында Алматының туризм секторындағы салық түсімдері 62,5 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 39,5%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 72,3%-ға артып, орналастыру орындары көрсеткен қызметтердің көлемі 32,5%-ға ұлғайды. Бұл ақпарат Алматыға туристердің қызығушылығының артқанын растайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

22:19

17:59

17:15

16:21

15:20

14:16

13:16

12:18

11:44

11:38

11:31

11:30

11:27

11:12

11:11

11:04

10:15

09:45

05:01

18:15

17:25

16:23

15:19

14:54

14:35