Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда он мыңдай бала оңалтудан өтті

Алматыда он мыңдай бала оңалтудан өтті

Әлеумет 17.08.2023, 05:02 878
Алматыда он мыңдай бала оңалтудан өтті
total.kz

Алматыда балаларды тәулік бойы 8 медициналық ұйымы оңалтудан өткізеді. 2 кезеңді оңалту - нейрохирургиялық, неврологиялық, кардиологиялық және травматологиялық бейіндер бойынша №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының базасында, сонымен қатар, екі бағыт: нейрохирургиялық және травматологиялық бағыттар бойынша жүргізіледі. 3 кезеңді оңалту бес мемлекеттік балаларды оңалту орталығында және бір жекеменшік орталықта жүргізіледі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Мінекей, осылайша, балаларды ерте оңалту орталығы неврологиялық патологиясы бар 3 жастан 7 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды; тыныс алу органдарының аурулары бар (демікпе, бронхит, пневмониямен ауырған) сол жастағы балаларды «Алау» оңалту орталығы қабылдайды; ал тыныс алу органдары мен жүйке жүйесінің аурулары бар 8 жастан 14 жасқа дейінгі балалар «Балдәурен» орталығында балаларды оңалтудан өтеді. Қалалық балаларды оңалту орталығы 3 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға церебральды сал ауруы, парез, сал ауруы, сонымен қатар, ми мен жұлын жарақатынан немесе инсульттан кейінгі жағдайда (аутист балалар, Даун ауруы және т.б.) психоневрологиялық көмек көрсетеді. 1 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға фтизиопульмонология балаларды оңалту орталығында туберкулезге қарсы және пульмонологиялық емдеу жүргізіледі.


Неврологиялық бағыт бойынша балалар жеке оңалту орталығында да оңалтудан өте алады. Медициналық қарсы көрсетілім болса да, болмаса да, қала емханаларының учаскелік дәрігерлері балаларды емдеуге жіберіледі. Көрсетілім болған және қарсы көрсетілім болмаған кезде балаларды емдеуге E-Gov электрондық үкімет порталы арқылы қала емханаларынан учаскелік дәрігерлер жолданады.



«2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыда тәулік бойы оңалту орталықтары мен стационарларда 5 626 бала оңалтудан өтеді, оның 606-ы мүмкіндігі шектеулі. Бұдан басқа, мемлекеттік тапсырыс аясында балаларға оңалту көмегі қала емханаларында да көрсетіледі. Амбулаториялық деңгейде және күндізгі стационарларда 4 131 бала оңалтудан өтті», - деді штаттан тыс бас балалар реабилитологы Эльвира Роот.



Балалармен көпсалалы топ жұмыс істейді, оған құрамында реабилитолог, жаттығу терапиясының нұсқаушысы немесе кинезитерапия маманы, кәсіби терапевт, массаж терапевті, психолог, психотерапевт, логопед және т.б. әртүрлі мамандар бар. Әр балаға жеке оңалту жоспары жасалады. Бұған қоса, бейімделген бағдарлама бойынша мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың таным кеңейту, есте сақтау мен ойлауды дамыту, сонымен бірге адамгершілік тәрбие беру мақсатында сабақтар топпен өткізіледі. Бұл жағдайда балалардағы психо-педагогикалық патологиялар ескеріледі.


Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының немесе ресми өкілдерінің ортақ жауапкершілігін дамыту үшін медицина қызметкерлері тұрақты негізде тренингтер, семинарлар өткізеді. Әрі ата-аналармен бірге балаларды оңалту жаттығуларын үйрету сабақтары үнемі өткізіліп тұрады, осылайша олар үйде де сабақтарын жалғастыра алады. Балалардың қасында үнемі жүретін жандар да барлық мамандықты үйренеді. Ал ата-аналарға тренингті психологтар өткізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бала #оңалту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43

ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Бүгін 18:36

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика