AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Никольский базарын модернизациялау жоспар...

Алматыда Никольский базарын модернизациялау жоспарлануда

Әлеумет 18.05.2023, 06:39 1,151 Almaty-akshamy.kz. 
Алматыда Никольский базарын модернизациялау жоспарлануда
Сурет: ашық дереккөз

Алматы қаласындағы екі көрнекі орынды жаңғыртуды жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Е.Досаевтың Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлім болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  



- Біздің ауданда қаланың көрнекі орындарына айналуы тиіс  қалалық маңызы бар екі көрнекті нысан бар. Өкінішке орай, олар  қазір ешкімге  керексіз. Аудан әкіміне Никольский базарын қалдырғаны үшін рахмет. Оның жеке иесі кім, соны анықтау қажет. Менің ұсынысым бар: бұл нысанды иесіз деп тану керек. Өйткені ол көптеген жылдар бойы қаңырап бос  тұр немесе меншік иесімен  сөйлесіп, оның дұрыс базар жасауы үшін келіссөздер жүргізу қажет. Әлемде кәсіпкерлер азық-түлікті тұрғындар үшін қалыпты бағамен сататын және сауда және тамақтану орындарынан ақша табатын базарлар көп. 
Екінші нысан - трамвай депосының ғимараты.  Бұрынғы әкім Бауыржан Байбек тұжырымдаманың ашық конкурсын өткізсе, Бақытжан Сағынтаев жабық "жекешелендіргішке" айналдырды, қоғамдық ғимараттың орнына сауда орталығының ұсқынсыз жобасын жасады. Бұл жобаны қазір құрылыс басқармасы жүзеге асыруға тырысуда. Менің әкім Ерболат Досаевқа өтінішім – тұжырымдаманы қайтадан көпшіліктің  жария талқылауына шығарып, қала тұрғындарына ұнамаса, онда жаңа конкурс өткізу  керек, -деді Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Әсет Наурызбаев.



Өзекті мәселеге қатысты қала басшысының берген жауабы:   



- Мен Сізді қолдаймын. Расында да қалада көрнекі орындар  аз. Біз қаламыздың тарихына құрметпен қараймыз. Тарихи орындарды қайта жаңартуға, модернизациялауға тырысамыз. 


Никольский  базары бойынша- мұнда мен үшін саяси мәселе жоқ. Бүгінде оған иелік ететін адамдар бар. Тиісінше, сот істері болады, оның қорытындысы бойынша осы активпен не істеу керектігі туралы шешім қабылданады. Сондай – ақ, "Барыс" базарына  да қатысты мәселе бар. Сот шешімдері шыққан, оның активтері қалаға берілді. Енді біз мәселені анықтап, шешім қабылдаймыз. Никольский базары  да сондай. Мен оларды иесіз деп танып, бір жылдан кейін өзіме ала алмаймын. Өйткені қалада ешкім меншік құқығын жойған жоқ. Бірақ қазір болып жатқан процестерге қатысты мәселелер – олар аяқталғаннан кейін біз Никольский базарын қолға алатын боламыз. Бірнеше идеяларымыз  бар. Базардың тарихи өткен жолдары бар. Бірақ соңғы 15-20 жыл ішінде оның имиджі өзгерді. Менің ойымша, оны қалпына келтірудің қажеті жоқ, бірақ ыңғайлы әрі заманауи сауда орындарын жасау керек. Мен  меншік  иелеріне ұсыныс жасадым. 


Енді депо туралы - бізде Алматының креативті кеңістігі аясында жұмыс аяқталуда. Мен жасалатын нәрселерді көрдім, байқауымша нәтижесі жақсы болады. Бұл іске біздің мамандарды ғана емес, шетелдік компаниялар да тартылды. Жақында біз бұл жобаны жариялаймыз. 


Қала жеке инвесторлармен болған әңгімелерден кейін депоны өзіне алады және жақын арада бұл Алматының басты креативті хабына айналады. Мен қоғамдық кеңесте тапсырма беремін. Біз жобаны көрсетеміз және айтып береміз. Егер ескертпелер болса, онда оларды жобаға енгіземіз.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Никольский #модернизация #жөнделеді
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі AMANAT партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады

Кеше 22:16

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Кеше 20:42

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Кеше 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Кеше 18:52

Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар талқыланды

Кеше 18:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);