Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда неге күн жылы?

Алматыда неге күн жылы?

Әлеумет 13.01.2026, 09:49 380
Алматыда неге күн жылы?
Алматы әкімдігі

Синоптиктер Алматыдағы әдеттен тыс жылы ауа райының себебін түсіндірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мамандардың айтуынша, температураның көтерілуі оңтүстік-батыстан: Орта Азия аймақтарынан, соның ішінде Ауғанстан, Иран және Өзбекстаннан жылы ауа массаларының келуімен байланысты.

Алматы және Алматы облысы бойынша "Қазгидромет" РМК филиалының метеорологиялық болжамдар бөлімінің басшысы Дәулет Кисебаевтың айтуынша, ауа массаларының дәл осы бағытта ауысуы жұмсақ қысқы ауа райының негізгі факторы болды. Қаңтарда кейбір күндері Алматыда ауа температурасы +11 градусқа дейін көтерілген.

Осы кезеңде жауын-шашын іс жүзінде байқалмаған. Кисебаевтың дерегінше, аздаған қар тек 1 және 2 қаңтарға қараған түні жауған, ал қалған уақытта ауа райы жылы болды.

Бұл ретте, Кисебаев қаңтарды аномальды жылы деп айтуға келмейтінін атап өтті. Қорытындыны тек қыс мезгілінің қорытындысы шығарылып, орташа айлық температуралар есептеліп, климаттық нормадан ауытқулар анықталған соң ғана айтуға болады.

"Алматыда қаңтарда жылы болғаны, сирек құбылыс емес", - деді Дәулет Кисебаев.

Мысал ретінде ол өткен жылдардағы деректерді келтірді. Мәселен, 2000 жылдың 6 қаңтарында қалада ауа температурасы +16,1 градусқа дейін көтерілсе, абсолюттік максимум 2002 жылдың 7 қаңтарында тіркеліп, +18,2 градус болған. Сондай-ақ 2007 жылғы қаңтардың екінші онкүндігінде температура +12 мен +15 градус аралығында болған, ал 2014 жылдың 20 қаңтарында термометр бағаны +12…+13 градусқа дейін көтерілген.

Айта кетейік, аптаның соңына қарай, 16 қаңтарда, Алматыда күн салқындайды деп күтіледі. Синоптиктердің болжамынша, жұма күні таңертең, сондай-ақ сенбі және жексенбі күндері мезгіл-мезгіл қар жауады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақыл сайысы: Алматыдағы Республикалық дебаттық турнир қалай өтті

Бүгін 10:06

Қазгидромет 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

Бүгін 09:01

Алматылық спортшылар әлем чемпионатын екі қола медальмен қорытындылады

Кеше 20:47

Алматыда ауа сапасын жақсарту бойынша жаңа шаралар: көмірді пайдалану мен құрылыс қалдықтарын реттеу

Кеше 20:09

Алматыда стационарлық шығарындыларға бақылау күшейтіледі

Кеше 20:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика