Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда мектеп оқушылары онлайн форматта оқитын п...

Алматыда мектеп оқушылары онлайн форматта оқитын платформалар анықталды

Әлеумет 14.01.2022, 09:57 2,035
Алматыда мектеп оқушылары онлайн форматта оқитын платформалар анықталды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында сөз сөйлеп, эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты оқушылардың 17 қаңтардан бастап қашықтан оқыту форматына ауыстырылатынын айтты. Мегаполистің барлық оқушылары қажетті компьютерлер мен ноутбуктермен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 


Ләззат Жылқыбаева оқу үдерісін қашықтықтан ұйымдастыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғанын атап өтті. Қала бойынша интернетпен жағдай тұрақтанды және оған мектептердің қолжетімділігі де қамтамасыз етілді.


Сонымен қатар, ол ата-аналар компьютерлерге немесе ноутбуктерге, сондай-ақ интернетке қатысты қосымша қажеттілік туындаған жағдайда мектептің бірінші басшыларына немесе аудандық білім беру бөлімдеріне жүгіне алатынын, онда оларға осы мәселелерді шешуге көмектесетінін еске салды.
 
Оқыту үшін платформалар анықталды (бұл Online Mektep, Bilim Land, Microsoft Teams). Сонымен қатар мектептер оқушыларға ыңғайлы болу үшін бұрын қашықтықтан оқыту кезінде қолданылған платформаларды өз бетінше таңдай алады.



«Қашықтан оқыту форматында жұмыс тәжірибесі бізде бар. Мұғалімдер өткен жылы цифрлық сауаттылықты арттыру курстарынан өтіп, өз жұмыстарын онлайн-режимде жетілдіруді жалғастырады», - деп хабарлады Алматы білім басқармасының басшысы.



Баспасөз конференциясы барысында төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын 20 қаңтардан бастап қайта бастау жоспарланғаны белгілі болды. Еске салсақ, 5 қаңтардан бастап олардың қызметі уақытша тоқтатылды. Алматыда барлығы 860 балабақша бар, оның 190-ы - мемлекеттік. Алматыда 71 мыңнан астам бала мектепке дейінгі біліммен қамтылған.


Ләззат Жылқыбаева балабақшалар күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кезекші топтар режимінде жұмыс істейтінін жоққа шығармайды. Мектепке дейінгі мекемелер жұмысының тәртібі туралы қосымша хабарлайтын болады.


24 қаңтардан бастап Алматыда 83 колледжде 73 мыңнан астам студент оқуға кіріседі. Олар үшін оқытудың аралас форматы көзделген, сондықтан дәрістік сабақтар онлайн-режимде өтеді, ал практикалық сабақтар санитарлық талаптарды сақтай отырып, икемді кесте бойынша офлайн ұйымдастырылады.


Қосымша білім беру ұйымдарында 10 адамға дейін жеке және топтық сабақтар офлайн, қалған сабақтар онлайн-режимде өткізілетін болады.


Ләззат Жылқыбаева мұғалімдермен және ата-аналармен кері байланысты қамтамасыз ету үшін білім басқармасында, аудандық білім бөлімдерінде және әрбір білім беру ұйымында 3-тоқсанның басынан бастап бірнеше CALL-орталықтардың жұмысы жандандырылатынын (нөмірлер ведомствоның сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады), онда қызықтыратын мәселелер бойынша жүгінуге немесе кеңес алуға болады.
 
Сөзінің соңында Алматы қаласы білім басқармасының басшысы ата-аналар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін қауіпсіздік шаралары мен санитарлық талаптарды сақтауға шақырды. Ол сондай-ақ сақтауға және халықты вакциналануға әрі ревакциналануға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #онлаин #платформа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика