AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда креативті кеңістіктер танымал болуда

Алматыда креативті кеңістіктер танымал болуда

Әлеумет 22.09.2021, 10:28 1,462
Алматыда креативті кеңістіктер танымал болуда
almaty-akshamy.kz

Алматыда Қала күнінде «Креативті квартал» жаңа жобасы іске қосылды.  Алматы қаласы креативті индустрия басқармасының басшысы Қайсар Сарыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде оның бірегейлігі туралы айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Қайсар Сарыбаевтың айтуынша, «креативті квартал» Алматыда көп функционалды мәдени және іскерлік кеңістікке айналады.



«Бұл - креативті және шығармашыл кәсіпкерлердің бизнес-идеяларын жүзеге асыруға жағдай жасайтын бірегей жоба. Өнер галереялары, сән бюролары, қолөнершілердің базарлары үшін резиденцияларды ұйымдастыру, шеберлік сабақтарын өткізу орындары, шығармашылық индустриялар мен басқа да шығармашылық кеңістіктердің өнімдері мен қызметтерін жарнамалау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда», - деді басқарма басшысы.



Бұл жерде сондай-ақ креативті кәсіпкерлікті қолдау орталығы мен басқа да қызметтер орналастырылады. Ал «Almaty Creative Class» онлайн білім беру платформасының іске қосылуы шығармашылық адамдарға өз таланты бойынша ақша табуды үйренуге, жаңа бағыттар мен аралас мамандықтарды ашуға мүмкіндік береді.


Қайсар Сарыбаев осындай басқа да жобаларды еске салды. Мәселен, Алматыда креативті стратегияны іске асыру аясында 2020 жылдың желтоқсанында Алатау ауданында Alatau Creative Hub ашылды. Оған коворкинг алаңы, балаларға арналған 25 тегін шығармашылық үйірме, шеберхана алаңы кіреді. Жыл басынан бері келушілердің жалпы саны 100 мыңнан астам адамға жетті. Музыка өнеріне баса назар аударатын жастардың Medeu Creative Hub орталығын ашу жоспарлануда, DEPO Evolution Park құрылысы жалғасуда, яғни креативті индустриялардың жобаларын іске асыру үшін алаң құрылатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #креатив #сарыбаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);