Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда коронавирусқа қарсы вакциналау жұмыстары...

Алматыда коронавирусқа қарсы вакциналау жұмыстары күшейтіледі

Әлеумет 11.08.2021, 07:27 1,491
Алматыда коронавирусқа қарсы вакциналау жұмыстары күшейтіледі
almaty-akshamy.kz

Ержан Бабақұмаров жеке медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерімен медициналық қызметтің сапасы мен вакциналау қарқынын талқылады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Н. Табынбаевтың, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ж. Бекшиннің, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалының басшысы Т. Әбілдаевтің және жеке медициналық мекемелердің бас дәрігерлерімен онлайн-форматта кеңес өткізді.


Кеңесте қала тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен жекеменшік медициналық ұйымдарға бекітілген тұрғындарды вакциналау қарқыны талқыланды.


Бүгінде Алматыда АМСК-тың 35 жеке жеткізушісі бар. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жүргізілген қызметтің талдау нәтижелері бойынша, жеке медициналық-санитарлық көмек көрсететіндердің жұмысына қатысты түскен шағымдар 3,5 есеге артқан. ӘМСҚ атап өткендей, жеке медициналық ұйымдар, тіркелген халықтың аздығына қарамастан, шағымдардың үлесі жоғары. Осыған байланысты медициналық қызмет көрсету сапасының нашарлауын болдырмау және медициналық қызметтерді тұтынушылардың шағымдарының негізділігін растау үшін, материалдар Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментіне жіберіледі.



Қазіргі уақытта 22 жеке медициналық-санитарлық көмек көрсетуші өз өндірістік базасында вакциналауды жүргізеді, қалғандары егу бөлмелерін ашу бойынша жұмыстануда. Вакциналаудың оң көрсеткіштері Алматы теміржол ауруханасы, Open Medical Chanel ЖШС, Керуен-Медикус, “Архимедес” ЖШС жұмысында байқалды. «№55 емханасы» ЖШС, «Сұңқар II емханасы» ЖШС, «Med Lab express» ЖШС және басқалары вакцинация қарқынын тездетуі қажет. Айта кетсек, «Ассистанс Меди Сервис» ЖШС кеңсе ашудан бас тарту туралы хабарлама жіберді және ӘМСҚ-пен келісімді бұзды, «АМИТРУД ДАРИГА» ЖШС-де олардың негізінде вакциналау кабинетін ашу бойынша жұмыс жасамайды.



Әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров вакцинация қарқыны коронавирустық инфекцияның таралу жылдамдығынан және жұқтырғандар санының өсуінен артта қалатынын, бұл қаланың денсаулық сақтау жүйесіне жалпы жүктемені арттыратынын атап өтті.  Медициналық қызмет көрсетушілердің қолданыстағы құзыреті аясында шарттық міндеттемелерді орындауын бақылау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.



«Бүгінде Алматыда вакциналау  қарқынының деңгейі - тәулігіне 8,5 мың. Сонымен қатар, инфекцияның жаңа жағдайларын тіркеу жалғасуда.  Емдеуге жатқызу деректері 700 жағдайдан асады. Қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету үшін COVID-19-ға қарсы вакциналаумен қамтуды кеңейту үшін бірлесе жұмыс жасау қажет. Коронавирустың басқа респираторлық инфекциялармен қабаттасуын болдырмау үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыру, әсіресе, ЖРВИ және тұмау маусымының алдында маңызды», - деді Ержан Бабақұмаров.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ковид #Бабақұмаров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Бүгін 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Бүгін 16:49

Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуыл жасамау туралы шешімін құптады

Бүгін 15:26

Теміртау қаласының 48 жастағы тұрғыны 13-баласын дүниеге әкелд

Бүгін 14:46

Алматыда қауіпті қалдықтар мен сирек кездесетін қайта өңделетін шикізатты жинау акциясы өтеді

Бүгін 12:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі