Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
Қабылданған жүйелі шаралардың және халықты вакциналаудың арқасында дерттің апталық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 169-дан 134,6-ға дейін төмендеді. Жыл басынан 10 қазанға дейінгі кезеңде 154,7 мың КВИ жағдайы, соңғы тәулікте – 326 оқиғасы тіркелді. Оның үстіне өткен аптада жұқтыру индексі 0,94-тен 0,89-ға дейін төмендеді.
Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректері бойынша, Алматы халқының иммундық қабаты шамамен 53%-ды құрады.
Демек, халықтың ресми санының 45%-ы жыл басынан бері ауырғандардың +7,7%-ы екі компонентпен егілді. Бұл ретте қолданылатын вакциналардың тиімділігі байқалады. Ағымдағы жылдың 10 қазанына КВИ екі компонентімен егілгендердің ішінен толық вакциналау курсынан өткен 892 482 адамның 2 717-сі ауырды, яғни барлығы 0,3%.
Ауырғандардың жас құрамын салыстырмалы талдау кезінде соңғы 2 аптада 20-39 жас аралығындағы неғұрлым белсенді азаматтар арасында сырқаттанушылықтың 1,6%-ға, 40-59 жас аралығында – 1,3%-ға, 60 жастан жоғары - 0,7%-ға өсуі байқалады. Бұл ретте 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің сырқаттануы тиісінше 0,9%-ға және 0,6%-ға төмендеді.
Соңғы 7 күнде аурушаңдық өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыс істемейтін азаматтар есебінен қалыптасты – 27%, зейнеткерлер – 24% (1%-ға өсті), кәсіпорындар мен ұйымдар қызметкерлері – 22% (1%-ға өсті), оқушылар - 12,3% (3%-ға төмендеді) және мектеп жасына дейінгі балалар – 4,3% (0,9%-ға төмендеді).
Осылайша, мамандар мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдасқан топтары арасында ауру ұйымдастырылмағандарға қарағанда 4,4 есе төмен екенін айтады. Оффлайн оқудағы оқушылардың науқастануы онлайн оқуға қарағанда 10 есе төмен.
Жұқтырудың нақтылы анықталған орындары бойынша алдыңғымен салыстырғанда соңғы аптада туыстармен, көршілермен және таныстармен байланыс кезінде тиісінше 0,4% және 0,7%-ға төмендеуі жалғасуда.
Жұқтырудың ықтимал орындары бойынша базарларда – 2,8%-ға, азық-түлік сауда желілерінде, супер-гипермаркеттерде – 0,7%-ға, орамішілік азық-түлік емес дүкендерде – 0,6%-ға, қоғамдық көлікте – 1,8%-ға, отбасылық іс-шараларды өткізу кезінде – 0,4%-ға өсу байқалады.
Өткен аптаның қорытындысы бойынша, басты жұқтыру орындары сауда объектілері – 34%, қоғамдық көлік – 20%, отбасылардағы байланыстар – 16%, базарлар – 13% болып табылады.
Мониторингтік топтар 4-10 қазан аралығында 195 рейд жүргізді, 24 объектіде карантиндік шектеулердің бұзылғаны анықталды. 106 хаттама толтырылды, оның ішінде заңды тұлғаларға 7 млн теңгеден астам сомаға 21 хаттама жасалды. Бетперде режимін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға қатысты 3,7 млн теңгеге 85 хаттама жасалды.
Ashyq жобасы бойынша ағымдағы жылдың 29 қыркүйегі мен 5 қазаны аралығында жобаға қатысатын объектілердегі 171 келушіде "қызыл", 37 келушіде "сары" мәртебесі расталды. 4-8 қазан аралығында "қызыл" мәртебесі бар 114 жеке тұлғаға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды.
Жедел штаб отырысын қорытындылаған Б. Сағынтаев вакциналау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, білім беру нысандарындағы эпидемиологиялық ахуалға мониторингті жалғастыруды, шектеу шараларының сақталуын бақылауды жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасына тұмау мен вакцинация күнтізбесіне кіретін ауруларға қарсы вакциналауды жалғастыру тапсырылды.
Хабарланғандай, 10 қазанда коронавирус инфекциясының 326 жағдайы тіркелді, оның 315-і симптомды. Инфекциялық стационарларда 1 565 адам, оның ішінде 61 бала жатыр. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде 150 пациент жатыр. ӨЖЖ аппаратында – 29, инвазивті емес ӨЖЖ – 79, High flow – 28 аппараты қолданыста.
Бүгінде үйде МСАК мобильді бригадаларының және телемедицина орталығының қадағалауында 3 297 пациент бар, симптомды науқастар – 3 167.
Өткен тәулікте 814 адам бірінші компонентпен, 941 адам екінші компонентпен егілді.
Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан 10 қазанына дейін І компонентпен 968 197 адам, II компонентпен 885 360 адам егілді.