конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда көп балалы және мұқтаж отбасылар баспанам...

Алматыда көп балалы және мұқтаж отбасылар баспанамен қалай қамтамасыз етілген?

Әлеумет 20.09.2021, 12:52 1,743
Алматыда көп балалы және мұқтаж отбасылар баспанамен қалай қамтамасыз етілген?
Сурет: Kt.kz

Баспана алуға арналған оңтайлы бағдарламалар


Қала күні 227 көпбалалы отбасы «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынған «Алма Сити-5» тұрғын үй кешенінің жаңа пәтерлеріне қоныс аударды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары туралы айтты. "Отбасы Банк" арқылы жүзеге асатын «Бақытты отбасы» бағдарламасының көмегімен қолжетімді тұрғын үй алуға болады. 


«Бұл бағдарламаның көмегімен көп балалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар нарықта бастапқы немесе қосалқы тұрғын үйді қолайлы шарттармен ала алады. Бағдарламаны 3 жылдың ішінде 634 алматылық отбасы қолданды», - деді Е.Әміров. 


Тұрғындардың әлеуметтік осал тобы санатында кезекте тұрғандар үшін үлкен көмек – қайтарымсыз тұрғын үй сертификаттарын алу мүмкіндігі. Бұл сома "Отбасы Банктен" жеңілдікпен ипотека алу үшін бастапқы төлемнің бір бөлігін жабу үшін көзделген. 


Сертификатты кезекте тұрған I және II топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар және көп балалы отбасылар ала алады. Алматы әкімдігі 1 миллион теңге сомасына 2 000 қайтарымсыз тұрғын үй сертификатын беруге жергілікті бюджеттен 2 миллиард теңге бөлді. 


Жұмыс істейтін жастар «Алматы жастары» қалалық бағдарламасына қатыса алады. Оның аясында 1 000 жас отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. 


«Биыл біз тағы 1 000 жас отбасын қамтуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда олардың 772-сі баспаналы болды», - деп толықтырды Е. Әміров. 


Сонымен қатар жұмыс істейтін 1 050 жасты 5 жыл мерзімге жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Сөз соңында тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Алматы қаласы әкімдігінің азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету қарқынын арттыратынын айтты. 


Айта кетерлігі, Қала күні мерекесі бес жылдан бері баспана кезегінде тұрған көп балалы ана Қорлан Қадырқұлова үшін екі есе маңызды болды. Бұрын отбасы жалдамалы пәтерде тұратын, енді олар мемлекеттен жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша алынған үш бөлмелі кең пәтерде тұрады. Сол тізімге мегаполистің екі миллионыншы тұрғыны Аяла Жамбылдың отбасы да енді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дрон құрастыратын қыз: Құрлық әскерлері әскери институтының әскери қызметшісі болашақ технологияларын меңгеруде

Бүгін 16:38

Алматы әкімдігі Самал-3 шағынауданындағы саябақ құрылысына қатысты тұрғындардың өтінішіне пікір білдірді

Бүгін 16:35

Балалар телефонын тастап, бар уақытын демалысқа арнап жатыр

Бүгін 15:03

Аида Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады

Бүгін 14:54

Алматыда Республика алаңында жаңа аялдама пайдалануға берілді

Бүгін 14:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);