Алматыда кезекті шағын өнеркәсіп паркі салынады

Алматыда кезекті шағын өнеркәсіп паркі салынады "Almaty Finance" ЖШС

"Алматы" ӘКК-нің еншілес ұйымы, "Almaty Finance" ЖШС Алматыда кезекті шағын өнеркәсіп паркін (ШӨП) салуға несие желісін ашты. Жобаны қаржыландыру "Almaty Business – 2025" кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Несие желісінің сомасы жылдық 6% мөлшерлеме бойынша 500 млн теңгені құрады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Жобаны "MIRUS Company" ЖШС жүзеге асыруда. Несие желісін ашу кезінде жобаға салынған инвестиция көлемі 200 млн теңгеге жетті.

Ауданы шамамен 5 000 м² құрайтын ШӨП Алматы Индустриялық аймағының аумағында 2025 жылдың қаңтарында пайда болады. Құрылыс аяқталғаннан кейін ШӨП-те 5-тен 10-ға дейін қазақстандық кәсіпорын орналасады, онда 400-ге жуық жұмыс орны ашылады. Алаңдар бизнеске жеңілдетілген шарттармен – м² үшін 1 350 теңгеге дейін жалға беріледі. Сондай-ақ оларды м² үшін 180 000 теңге бағасымен кейіннен сатып алуға рұқсат беріледі.

"ШӨП - бұл шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өндірісті іске қосуға дайын орын-жайлармен қамтамасыз ететін аумақ. Қазіргі уақытта Алматы аумағында 30-дан астам шағын өнеркәсіп паркі жұмыс істейді, оның 11-ін "Almaty Finance" ЖШС қаржыландырды. "Almaty Business – 2025" бағдарламасы аясында мұндай жобаларды қаржыландыру жылдық 6%* мөлшерлемесі бойынша жеңілдікті шарттармен жүзеге асырылады", - деп атап өтті "Almaty Finance" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Игенов.

 Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жеке есептеледі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:07

09:49

09:20

09:10

17:56

17:43

17:26

17:13

17:01

16:44

16:33

16:19

16:01

15:59

15:43

15:31

15:19

15:07

14:55

14:38

14:26

14:18

14:08

12:05

11:41