AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғаны...

Алматыда Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай дәстүрлі тағзым ету іс-шарасы өтті

Әлеумет 15.02.2025, 17:09 691 Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Алматыда Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай дәстүрлі тағзым ету іс-шарасы өтті
Сурет: Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Жиналғандар 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алау мен Интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке алқызыл гүл шоқтарын қойып, қан майданда ерлік көрсеткен, соғыстың зардабын тартып, өмірден өткен жауынгерлердің рухына тағзым етті.

 Салтанатты шараға Ауған соғысының ардагерлері мен ардагерлер кеңесінің өкілдері, Ұлттық ұлан мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері, әскери жоғары оқу орындарының курсанттары мен қала тұрғындары қатысты.

Алдымен саябаққа жиналған қауым Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, оларды бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Бұдан кейін ауған ардагерлері сөз алып, соғыс ақтаңдақтары туралы естеліктерімен бөлісті.

- Мен Ауғанстанның Баграм елді-мекенінде тоқтаған жеке барлау батальонында дәрігер болып қызмет еттім. «Шепсіз майдан» аталып кеткен ұрыс қимылдарында жарақат алған жауынгерлерге медициналық жәрдем көрсету басты міндет болды. Солармен қоян-қолтық жүріп, ұрыс үстінде қызметімді атқардым. Өзіміз де жарақат алған кездер болды. Бірде, автомобильдер легімен келе жатқанымызда Саланг асуынан өткеннен кейін моджахеттер атқан оқтың астында қалық. Жүргізушім Александр Паутов мені көліктен шығып, оларға қарсы оқ жаудырды. Сөйтіп мені ажал оғынан аман алып қалған еді. Барлық қарулас жолдастарыма және олардың жақындарына үлкен ризашылығымды білдіремін. Бұл өте ауыр міндет болды және біз оны аса құрметпен орындадық деп, - жат елдегі жорықты жылдарды Ұлттық ұланның отставкадағы полковнигі Сәбит Аймағанбетов осылай еске алды.

Жиын соңында Алматы гарнизонына қарасты әскери бөлімдер мен әскери жоғары оқу орындарының курсанттары ардагерлер алдынан салтанатты шерумен жүріп өтті.

Алқалы жиын концерттік бағдарламамен аяқталды, онда Ауған соғысы интерноционалист-жауынгерлерінің ерліктері туралы әндер шырқалды.

Аман жүріңіздер, жауынгер ағалар! Ауған соғысының ардагерлері! Кеуде толған орден-медальдар ерлік пен батылдықтың белгісіндей, жас ұрпаққа қоңырау болып, сыңғырлап тұра берсін!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауған әскер #ардагерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);