Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жылу желілері жылыту маусымына 100% дайын

Алматыда жылу желілері жылыту маусымына 100% дайын

Әлеумет 28.09.2021, 06:05 1,241
Алматыда жылу желілері жылыту маусымына 100% дайын
almaty-akshamy.kz

Алматыдағы қазандықтар алдағы жылыту маусымына толық дайын. Бұл туралы Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Евгений Пак Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Евгений Пактың айтуынша, жылу көздерінің, газ желілерінің, қазандықтардың қолжетімділігі 100% құрайды. Жылыту маусымына 8257 тұрғын үй, 443 білім беру және 91 денсаулық сақтау объектілері дайын.



«Жылыту маусымына дайындық мамыр айында басталды. Гидравликалық сынақтар жүргізілді, нәтижесінде 626 ақау анықталып, жойылды. 82 қазандықта жөндеу жұмыстары жүргізілді, қазандықтарды ауыстырумен технологиялық және қосалқы жабдықтар жөнделді, газ жабдықтары ауыстырылды. Биыл Наурызбай ауданындағы "Вокзал" қазандығын, сондай-ақ «Премьера» қазандығын қайта жаңарту басталды», - деді энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы 2021-2022 жылдардағы қыс мезгіліне дайындық туралы.



Сонымен қатар, Евгений Пак 82 қалалық қазандықтарда және жылу көздерінде, тұрақты түрде, төрт ауысымда жедел персонал тәулік бойы кезекшілік ететінін айтты. Апат кезінде 13 жедел және жөндеу бригадасы жұмыс істейді. Сондай-ақ 229 мың тонна көмір мен 23,4 мың тонна мазуттың апаттық резерві жинақталды.


Алматыда Түрксіб пен Жетісу аудандарында халыққа арналған 8 көмір базасы бар, алдын ала 90 мың тонна көмір қорын жинау жоспарланған. Бүгінде 27 мың тонна қор жиналды, тағы 3,5 мыңы жолда.



Сөзін жалғастырған Е. Пак электр және газ желілерінің дайындығы туралы айтты. Оның айтуынша, Алматыда электр желісінің ұзындығы 8,5 мың шақырымды құрайды. Олардың дайындығы 100%. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 871 шақырым электр желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде Алматыдағы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 4746 шақырым газ желілерін басқарады, олар да суық ауа райының басталуына толық дайын.



Евгений Пак сонымен қатар Алматы қаласындағы үйлердің 94,5%-ы жылуды есепке алатын қондырғыларға қосылғанын, қалғандары казарма типіндегі үйлер екенін немесе апатты үйлерге тиесілі екенін айтты.


Басқарма басшысы ауа температурасы алматылықтар үшін ыңғайсыз деңгейге түскенде жылу желілері жылу беруді бастауға дайын екенін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жылу #маусым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың өмір сүру жасы 75,97 жасқа жетті

Бүгін 08:44

Жаңбыр, тұман...

Бүгін 08:34

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Кеше 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Кеше 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Кеше 17:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика