AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда жыл басынан бері мопедтердің қатысымен бо...

Алматыда жыл басынан бері мопедтердің қатысымен болған жол апатынан 11 адам көз жұмған

Заң мен тəртіп 19.09.2024, 10:30 2,078
Алматыда жыл басынан бері мопедтердің қатысымен болған жол апатынан 11 адам көз жұмған
Сурет: Polisia.kz

Алматыда 1,5 мыңнан астам мопед мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматы полицейлері мопедтердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының жиілеп кетуіне алаңдаулы. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ішкі істер органдарының негізгі міндеттерінің бірі.

"Алматыда мопедтер, самокаттар, скутерлер кеңінен пайдаланылады. Бірақ, өкінішке қарай, көліктің бұл түрін жүргізген кезде жүргізушілердің көбі қарапайым жол қозғалысы ережелерін сақтамайды немесе оларды елемейді. Осылайша, олар жолдарда апатты жағдайларды тудырады, бұл көбінесе қайғылы салдарға немесе адамдардың жарақат алуына әкеледі. Өткен күнгі осындай апаттардың бірі мопед тізгіндеген 19 жастағы жасөспірімнің өліміне әкеліп соқты", – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Оралбек Ахимов.

 Спикердің айтуынша, биылғы жылдың басынан бері Алматыда мопедтердің қатысуымен 523 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 535 адам жарақат алып, 11 адам қаза тапты. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 19 мыңнан астам мопед пайдаланушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мамандандырылған айыппұл тұрағына 1,5 мыңнан астам мопед қойылған.

"Құрметті жүргізушілер, көлік құралдарының қауіптілігі жоғары. Көлік жүргізу кезінде жол қозғалысы ережелерінің барлық талаптарын орындап, абай болу керек. Бұл ЖКО-дан, жарақат алудан және әртүрлі қайғылы салдардан аулақ болуға мүмкіндік береді", – деп ескертеді Оралбек Ахимов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Мопед #жол-көлік оқиғалары #айыппұл тұрағы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Кеше 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Кеше 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Кеше 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Кеше 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Кеше 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);