AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Жасыл қала» науқаны басталды

Алматыда «Жасыл қала» науқаны басталды

Әлеумет 18.10.2021, 08:28 1,431
Алматыда «Жасыл қала» науқаны басталды
aikyn.kz

«Жасыл қала» науқаны аясында көп қабатты үйлердің ауласы мен қоғамдық кеңістіктіктерді көгалдандыруға ниетті әрбір алматылық шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайыңның көшеттерін тегін ала алады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Науқан қатысушылары отырғызылған талдарды алдағы екі жыл бойы күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қоятындығын ескерген жөн. Алматы қаласы жасыл экономика басқармасында «Жасыл қала» науқанына қатысу шарттары түсіндірілді.


«Науқанға қатысу үшін zeleniy_dvor_almaty@mail.ru электронды поштасына келесі мәліметтерді жолдау қажет:


1. Қатысушының аты-жөні мен телефон нөмірі, тал отырғызылатын орынның нақты мекенжайы;


2. Тал отырғызылатын орынның фотосы (мамандарға орынды толықтай бағалауға мүмкіндік болуы үшін панорамалық форматта болғаны жөн);


3. Сұралып отырған көшет түрі мен саны. Өтініштер 18-31 қазан аралығында қабылданады.


Көшеттер келесі мекенжайларда таратылады:


- Алатау ауданы әкімінің аппараты, Жанқожа батыр көшесі, 26;


- Алмалы ауданы әкімінің аппараты, Абылай хан даңғылы, 74а;


- Әуезов ауданы әкімінің аппараты, Алтынсарин даңғылы, 27а;


- Бостандық ауданы әкімінің аппараты, Айманов көшесі, 191;


- Медеу ауданы әкімінің аппараты, Пушкин көшесі, 72;


- Наурызбай ауданы әкімінің аппараты, Шұғыла ықшам ауданы, 347;


- Жетісу ауданы әкімінің аппараты, Серіков көшесі, 2а;


- Түрксіб ауданы әкімінің аппараты, Шолохов көшесі, 9.


Тал отырғызу жұмыстарын 1-15 қараша аралығында жүргізіп, фотоесеп жолдау қажет.


Көрсетілген уақыттан кейін жолданған өтініштер қарастырылмайды.


Қосымша ақпарат алу үшін Жасыл қорды бақылау бөліміне: 272-54-89, 87479958147 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады»,- деп мәлімдеді басқармада.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жасылқала #науқан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Педиатрия орталығында балалар эндовидеохирургиясы бойынша шеберлік сабағы өтті

Бүгін 11:36

Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті

Бүгін 11:29

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа саябақтың ашылатыны хабарланды

Бүгін 11:25

Түрксіб ауданында экологиялық жағдайды жақсарту шаралары талқыланды

Бүгін 11:06

Алматыда Алатау және Наурызбай аудандарының сумен жабдықтау жүйесі күшейтілді

Бүгін 10:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);