ffin.kz

Алматыда жастар ұйымдарының өкілдері қала әкімдігі жанындағы жұмыс тобына қосылады 

Алматыда жастар ұйымдарының өкілдері қала әкімдігі жанындағы жұмыс тобына қосылады  almaty-akshamy.kz

Ержан Бабақұмаров Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысын өткізді


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен онлайн режимде жастар ұйымдары мүшелерінің қатысуымен Алматы қаласы әкімі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Отырыста Алматы жастарының дамуына әсер ететін өзекті мәселелер талқыланды. Олардың ішінде өзін-өзі жүзеге асыру, жеке кәсіпкерлік ісін ашу мен жүргізу, нәтижелі жұмыспен қамту, сапалы білім беру қызметтерін алу бойынша қолда бар мүмкіндіктер, сондай-ақ қалада жастардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жаңа әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша қала әкімдігімен бірлескен жұмысқа қатысу. 


Алматыда статистиканың ресми дерегіне сәйкес, 14-28 жас аралығында 506 мың жас тұрғын бар. Бұл ретте көші-қон деңгейінің жоғары болуына байланысты жыл сайын қалаға 35 мыңға жуық жас келеді және 20 мыңға жуық жас кетеді. Алматы қаласының жастар саясатын дамытудың 2025 жылға дейінгі өңірлік жоспары іске асырылуда, оның шеңберінде 125-тен астам іс-шараны іске асыру көзделген. 


Жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша, Алматы жастарының өмірімен қанағаттану индексі 77,8%-ды құрағаны анықталды. Мектеп оқушылары (14-17 жас: 71,7%) және студенттер (18-21 жас: 74,0%) арасында өмірге қанағаттану деңгейі ең жоғары көрсеткішке жетті. Оң бағалар Наурызбай (71,8%), Жетісу (69,7%) және Бостандық (68,9%) аудандарының тұрғындары арасында басым. Жалпы, Алматы жастарының әрбір екінші өкілі жұмыспен қамтылған – 63,7%. Қазіргі жұмыс жастардың 64,4%-ын қанағаттандырады. Бұл ретте кәсіпкерлік іске мүдделіліктің жоғары деңгейіне қарамастан, қазіргі уақытта жастардың әрбір он біріншісі (8,6%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Жалпы, талдау қорытындысы бойынша жұмыстың 5 негізгі бағыты айқындалды: сапалы білім беру, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту, қолжетімді тұрғын үй және кәсіпкерлікті дамыту, атаулы-профилактикалық жұмыс, салауатты өмір салты. 



Қаланың қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Р. Бекбергенов жұмыстың басым бағыттарының бірі – NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамтудың белсенді нысандарына тарту екенін айтты. Осылайша жүйелі жұмыс аясында биыл жұмыспен қамту орталығы арқылы 6404 жас тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім беру) ұйымдарына 390 студент қабылданды, 8634 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де белсенді нысандарына жіберілді, оның ішінде жастар практикасы, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, "бірінші жұмыс орны" жобасы, сондай-ақ 900 жас "Жасыл ел" жобасы аясында уақытша жұмысқа орналастырылады. Жастар ресурстық орталықтарының жанында NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі арнайы штаб жұмыс істейді. 



Арнайы мобильдік топтар жеке жұмыс жүргізуде. Олардың мақсаты адам көп жиналатын жерлерде қалалық жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктерін түсіндіру болып табылады. Бүгінгі таңда мобильді топтар аудандық жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп, қаланың барлық аудандарында 20 мыңнан аса адамды қамти отырып, 55-тен астам акция өткізді. Осыған ұқсас жұмысты қаланың базар өкілдері бірлесіп жүргізеді, онда арнайы Жастар пункттерін ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, онлайн форматта жұмыспен қамту бойынша атаулы жұмыс жүргізу мәселесі қосымша пысықталуда. 


Отырыс барысында кеңес мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кәсіпкерлікті дамыту, жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағыттары бойынша нақты ұсыныстар жасады. Олардың қатарында "Қазақстан еріктілері лигасы" қоғамдық қорының төрайымы А. Ерниязова, "Әділет" Жоғары құқық мектебі заң консультанттары палатасының заң кеңесшісі Э.Әбділдин, "Арлан" белсенді жастар бірлестігінің төрайымы және халықаралық білім беру корпорациясының Жастар орталығының жетекшісі Б. Анарбаева, "Алматы Студенттер Альянсы" КҚ атқарушы директоры Ж. Қуандық, "Жігер "мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жастар ұйымы" ҚБ басшысы П. Юсупджанов, "Жас Отан" ЖҚ Алматы қаласы бойынша филиалының төрағасы Н. Жұмабек болды. 


Отырыс қорытындысы бойынша, қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жастар қоғамдастығымен, оның ішінде жастар ұйымдарының көшбасшыларын қала әкімдігі жанындағы жұмыс істейтін мамандандырылған жұмыс топтарының құрамына қосу арқылы өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды. Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша 2022 жылға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленеді. Аталған басым бағыттардың ішінде еңбек нарығын тұрақты жаңғыртуды ескере отырып, жас алматылықтарға кәсіптік бағдар беру дайындығына консультациялық көмек көрсету, қайта оқыту және кадрларды қайта даярлау бағдарламаларына тарту, сондай-ақ кәмелетке толмағандармен өзара іс-қимыл тәсілдерін бейімдеуге баса назар аудара отырып, мектеп психологтары жұмысының тиімділігін арттыруға қатысу. Жастардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығының жоғары деңгейін ескере отырып, өз бизнесін жүргізу үшін қолда бар мүмкіндіктер мен мемлекеттік қолдаудың қолжетімді шараларын түсіндіру бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04