Алматы қаласында бірнеше ай бойы мерекелік көңіл-күй сыйлаған жаңа жылдық безендірулерді кезең-кезеңімен алып тастау жұмыстары басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz
Негізгі жұмыстар Республика алаңы, Тұңғыш Президент саябағы, Абай және Астана алаңдарында, сондай-ақ Жібек Жолы мен Панфилов көшелерінде және басқа да мерекелік орындарда жүргізілуде.
Алдымен жасанды шыршалар мен жаңа жылдық шағын архитектуралық формалар алынып тасталады. Айдың соңына дейін жарық инсталляциялары мен декоративті шамдар толықтай жойылады.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, кейбір конструкциялар сақтауға жіберіледі. Олар келесі жылы жаңғыртудан кейін қайта қолданылатын болады. Бұл шаралар қала бюджетін үнемдеуге және экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
Алматыда жаңа жылдық безендірулерді алу жұмыстары дәстүрлі түрде жыл басында жүргізіледі. Бұл қалаға күнделікті тіршіліктің қалыпты ырғағына оралуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кейбір декорациялар келесі маусымда да өз көркін сақтап қалмақ.