Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Алматы әжелері» Абу-Дабиді өнерлерімен тәнті етті

«Алматы әжелері» Абу-Дабиді өнерлерімен тәнті етті

Әлеумет 04.02.2025, 09:47 880
«Алматы әжелері» Абу-Дабиді өнерлерімен тәнті етті
Almaty-akshamy.kz

Алматыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында құрылған «Алматы әжелері» жасы үлкен сәнгерлер модельдер Біріккен Араб Әмірліктеріне сапар шекті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Дубайдағы Тода инновациялық театрында режиссер әрі продюсер Ольга Сапожникова түсірген «Ұзақ ғұмыр» атты деректі фильмнің тұсауы кесілді. Бұл фильмнің басты кейіпкерлерінің бірі – «Алматы әжелері» тобының мүшелері.

Фильмнің тұсаукесері аясында алматылық зейнеткер әжелер «Ақ кербез» сән топтамасын ұсынып, ұзақ өмір сүру, денсаулықты сақтау және кез келген жаста оптимистік көзқарасты ұстану құпиясын бөлісті. Сән көрсетілімі кештің жарқын сәтіне айналып, сұлулық, дәстүр мен заманауилықтың үйлесімін көрсетті.

Іс-шараға Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің өкілдері, қалалық әкімдік, мәдениет және денсаулық сақтау саласының қайраткерлері, сондай-ақ белсенді ұзақ өмір сүру тақырыбына қызығушылық танытқан көптеген көрермен қатысты. Сонымен қатар, «Алматы әжелері» Абу-Дабидегі Лувр музейінде де өнер көрсетті.

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары көрермендерді өзінің нәзіктігімен, стилімен және өмірлік қуатымен тәнті етті. 

Фильмнің тұсаукесері мен мерекелік іс-шара Қазақстан мен БАӘ арасындағы мәдени байланыстарды нығайтып қана қоймай, халықаралық аудиторияға белсенді және денсаулыққа пайдалы өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. 

Айта кетейік, Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары Алматының барлық ауданында жұмыс істейді. Қалада 15 орталық бар: атап айтқанда, үш бөлімшесі бар қалалық белсенді ұзақ өмір сүру орталық және үкіметтік емес ұйымдардың 11 филиалы.

Соңғы екі жылда бұл орталықтарға келушілер саны 7 есе артты: 2022 жылы 833 адам болса, 2024 жылы 6 073 адамға жетті. Көрсетілетін қызметтер саны да 26 есеге өсіп, 12 мыңнан 313 мыңнан астамға ұлғайды.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары 40-тан астам тегін қызмет түрін ұсынады, оның ішінде білім беру бағдарламалары, тренингтер, дене шынықтыру, йога, би, сондай-ақ шығармашылық шеберханалар бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әже #дубай #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алаяқтарға алданып қалғанын білген алматылық қария жүрегі шыдамай, көз жұмған

Бүгін 09:56

Сенбіде ел өңірлерінде ауа райы қандай?

Бүгін 09:31

Алматыда жігітті бір топ адам соққыға жыққан

Бүгін 08:57

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Кеше 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Кеше 18:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика