AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Қазақ киносының күндері Қарағандыдан басталды

Қазақ киносының күндері Қарағандыдан басталды

Не? Қайда? Қашан? 04.02.2025, 10:50 1,021 Айсұлу Дүтбаева
Қазақ киносының күндері Қарағандыдан басталды
Сурет ЖИ

Ұлттық киноны қолдау орталығы еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақ киносының он күндігін өткізетінін хабарлайды. Шара аясында көрермендерге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Кино орталығының қолдауымен түсірілген бірқатар фильмдер ұсынылады.

Алғашқы көрсетілім Қарағанды облысындағы «Сарыжайлау» кинотеатрында өткізілді, ендігі кезекте шара өзге қалалар мен ауылдық округтерде де ұйымдастырылады. Бастаманың басты мақсаты – отандық киноның көкжиегін кеңейтіп, қазақстандық киногерлердің жетістігімен таныстыру.

Қазақ киносының күндері аясында көрермендер өзекті тақырыптарды қаузап, ел тарихы мен мәдениетін айшықтайтын фильмдерді тамашалай алады. Осылайша, шалғай ауылдың тұрғындары бүгінгі қазақ кинематографиясының үздік туындыларымен қауышпақ.

«Көрсетілімді Қарағанды облысынан бастауымыздың өзіндік сыры бар. Бұл аймақ өндірістің қайнаған ортасында орналасқан. Биылғы жылды Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағаны белгілі. Сол себепті де ауқымды шараны осы аймақтан бастауымыздың символикалық мәні бар. Қарағандыдан бастап, еліміздің әр бұрышында қазақ киносының күндерін өткізу отандық кинематографияны ілгерілетуге серпін сыйлайды деп білеміз. Себебі әрбір фильмнің ең басты жеңісі – оның өз көрерменін табуы. Біздің мақсатымыз да ұлттық киноны халыққа қолжетімді ету», – деді Ұлттық киноны қолдау орталығының Басқарма Төрағасы Құрманбек Жұмағали.

Кино күндері аясында көрсетілетін «Қажымұқан» ұлттық рухымызды асқақтатса, «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Дос-Мұқасан» фильмдері арқылы тұлғалардың жүріп өткен жолына қанығуға мүмкіндік беріледі. «Операция Набат», «Время патриотов» құқық қорғаушылардың еңбегін паш етіп, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырады. «Бауырына салу» деп аталатын кинода ұлттық дәстүр дәріптеледі. Кішкентай көрермендерге арналған «Тайқазан» деп аталатын анимациялық фильм, «Алматы, я люблю тебя!», «Соңғы үкім», «Дала қасқыры», «Стоп, ночь» және «Шулама» фильмдерінің де айтар ойы бар. Кино орталығының қолдауымен биыл тағы оннан аса туынды прокатқа шығады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, бұған дейін Кино орталығының қолдауымен 117 картинаның өндірісі аяқталған. Оның 72-сі – көркем, 37-сі – деректі, 8-і – анимациялық фильмдер. Прокатқа шыққан туындылар да артып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қарағанды #Көрермен #Кино
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика