AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде ең үздік туристік ауыл анықталды

Елімізде ең үздік туристік ауыл анықталды

Әлеумет 04.02.2025, 16:20 629 dulatbekova
Елімізде ең үздік туристік ауыл анықталды
Сурет: Astanatv.kz

«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» жариялаған байқау мәресіне жетті.

Жоба бірегей табиғи ландшафттары бар, дәстүріміз бен қолөнерді сақтаған ауылдық аумақтарды анықтауға және дамытуға бағытталған. Қазақстанның үздік 5 туристік ауылы қатарында Қызылорда облысындағы Нағи Ілиясов елді мекені де бар, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

60 жылдық тарихы бар Нағи Ілиясов ауылы тоқсаныншы жылдары тозып кеткен еді. Елді мекен келбетінің адам танымастай өзгеруіне Еңбек Ері Абзал Ералиев сүбелі үлес қосып келеді. Күріш шаруашылығын ширатып, тұрғындарды жұмыспен қамтыған кәсіпкер ауылда бірнеше мәдени-әлеуметтік ғимаратты жаңғыртып, кейбірін жаңадан салды.

«Субұрқақ, саябақ, ойын алаңы, аллеялары бар әдемі ауылға соңғы жылдары туристер де көп келетін болды», – дейді тұрғындар.

Анықбек Қаймолдаев, Нағи Ілиясов ауылының тұрғыны: - Үлкен-үлкен автобустармен де келеді. Сырттан келген ағайын-тумалар, Астанадан, Алматыдан келгендер ауылға таңғалады. Әсіресе қазірдің өзінде жаман емес. Кешке жақын жарқырайды. Жаздыгүні айнала бәрі гүлзар ғой.

Ауылдың көшелері толық асфальтталған. Газ құбыры да тартылған.

Сағдат Нұрмағамбетов, Нағи Ілиясов ауылдық округінің әкімі:

-Туризмді дамыту мақсатында ауылда биылдан бастап біз музей ашуды қолға алып жатырмыз. Ол музейде осы ауылдың еңбекшілерінің өткен тарихын насихаттаймыз сол жерде.

Ауылда жастарға да барлық жағдай жасалған. Бірнеше ойын алаңы бар. Ауылдағы зәулім спорт кешенінде 150-ге жуық бала шынығады.

Республикалық жарыстардан, Қазақстан Республикасының чемпионаттарынан және Азия чемпионаттарынан жүлдегерлер де жетерлік. Мамандардың айтуынша, ата кәсіптен қол үзбей, заман талабына сай дамыған Нағи Ілиясов ауылы енді Біріккен Ұлттар Ұйымы өткізетін халықаралық байқауда таныстырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#туристік ауыл #Нағи Ілиясов #үздік ауыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика