Алматыда Жаңа жыл қарсаңында өрттен сақтануға мән беріп жатыр   

  • 12:27, 15 желтоқсан 2025
Алматыда Жаңа жыл қарсаңында өрттен сақтануға мән беріп жатыр    сурет: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен

Алматыда жаңа жылдық мерекелер қарсаңында пиротехниканы пайдаланатындарға бақылау күшейді. Жыл сайын мереке күндері қалада орта есеппен 13 өрт тіркеледі, оның шамамен 15%-ы салют пен петардадан шығады екен.  

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Руслан Қасенов осылай деді. Ол мерекенің арты жарақат алып, өртке ұласып кетпес үшін қала тұрғындарын қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Спикердің айтуынша,  пиротехникалық бұйымдарды қолданғанда шығатын өрт пен жарақат алу жағы абайсыздық пен қарапайым қауіпсіздік талабын сақтамаудан болады. Соңғы бес жылда Алматыда жаңа жылдық кезеңде 68 өрт тіркелсе, соның 10-ы пиротехниканы қолданған кезде болыпты.  

Өрт пен оқыс жағдайдың алдын алу мақсатында Алматының Төтенше жағдайлар департаменті жыл сайын алдын-алатын іс-шараларды өткізеді. Қазір жаппай жаңа жылдық науқан өтетін барлық орындар туралы ақпарат қолда бар, аудандық төтенше жағдайлар басқармаларымен бірлесіп осы нысандарда өрт қауіпсіздігі мен техникасына тексеру ұйымдастырылып жатыр. Сонымен қатар Полиция департаментімен бірлесіп «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспары да бекітілді.

«2025 жылғы 5 желтоқсаннан 2026 жылғы 3 қаңтарға дейін рұқсатсыз сауда мен қауіпті өнімдерді анықтау мақсатында пиротехникалық өнімдерді сақтап, сататын орындарға рейд жүргізіле бастады. Қазірдің өзінде Жетісу мен Медеу ауданында осындай рейдтер өтті», – деп атап өтті Руслан Қасенов.

Сонымен қатар ТЖД қызметкерлері пиротехника сататындармен профилактикалық жұмыс жүргізді: 120 түсіндірме жұмысы өтіп, соның барысында бұйымдарды сақтау мен пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді. Халықты ақпараттандыру үшін қала медиабордтарында, сауда үйлерінің ЛЭД-экрандарында, емханаларда, ХҚКО-ларда және басқа да көпшілік орындарда бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылды. Алматының барлық мектебі мен балабақшасында балаларға пиротехниканы қауіпсіз қолдану ережесін үйретуге бағытталған сынып сағаты мен сабақтар өтіп жатыр.

Қала тұрғындары мен қонақтарына пиротехникалық бұйымдарды тек мамандандырылған дүкендерден сатып алып, қаптамасының бүтіндігі мен жарамдылық мерзіміне назар аудару қажеттігі ескертілді. Пиротехниканы жылу мен ылғалдан аулақтау жерде сақтау қажет. Іске қосар кезде 16 жасқа толмаған балаларды аулақ ұстап, бұйымның үстінен төніп қарауға, қатты жел кезінде ұшырып, жанбай қалған білтені қайта жағуға қатаң тыйым салынады. Фейерверк ататын жер тұрғын үйден кемі 50 метр алыстау болуы тиіс,   жақын маңда ағаш, электр беру желісі мен басқа да кедергі болмауы керек.

Жаңа жылдық шыршаларды орнату кезіндегі өрт қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінді. Шырша орнықты тұғырға орнатылып, эвакуациялайтын жолды жаппауы тиіс, бұтақтары да қабырғалар мен төбеден кемінде бір метр қашықтықта орналасуы қажет. Шамдарды қоспас бұрын электр желісіне түсетін жүктемені есептеп алу керек, сымдары қызып немесе ұшқын пайда болған жағдайда иллюминацияны дереу ажыратып тастау қажет.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Жандар Дулаттың айтуынша:

«Жаңа жылдық іс-шараларды көпшілік орындарда өткізу кезінде кемінде екі эвакуациялық шығу жолы бар және олар үнемі ашық тұратын үй-жайларды ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Үй-жайлар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіліп, жауапты тұлғалар өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтан өтуі тиіс. Терезелерінде торлары бар залдарда іс-шара өткізуге, қатарлар арасындағы өткелдерді тарылтуға, қойылым кезінде жарықты толық өшіріп, сондай-ақ қолдан жасалған гирляндалар мен электр қондырғыларын пайдалануға тыйым салынады», – деп атап өтті.

Бүгінгі таңда полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтер өткізілді, ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша 10 әкімшілік хаттама толтырылды, заңсыз сатылған пиротехникалық өнімдер тәркіленіп, оның бір бөлігі белгіленген тәртіппен мөрленді. Құтқарушылар қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтау Жаңа жылды оқыс оқиғасыз өткізіп, қарсы алуға мүмкіндік беретінін айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:05

13:46

13:23

13:07

12:47

12:37

12:27

12:08

11:58

11:41

11:18

11:02

10:43

10:29

10:13

09:56

09:39

09:28

09:18

09:07

08:55

17:43

16:25

15:45

15:07