Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ірі спорттық нысандар қаланың балансына қ...

Алматыда ірі спорттық нысандар қаланың балансына қайтарылып жатыр

Әлеумет 15.04.2025, 10:29 522
Алматыда ірі спорттық нысандар қаланың балансына қайтарылып жатыр
Сурет: Kapital.kz.

Алматы қаласы Спорт басқармасының мәнерлеп сырғанаушылардың дайындығына байланысты жағдай бойынша түсініктемесі

Спорт нысандарын коммуналдық меншікке қайтару

Бұған дейін спорттық қауымдастықта жеке меншік басқаруындағы ірі мұз айдынына шектеулі қолжетімділігіне қатысты мәселе көтерілген болатын. Атап айтқанда, БАҚ-та мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Алматыда мәнерлеп сырғанаудан еліміздің үздік спортшыларын даярлау үшін тиісті жағдайдың жоқтығы туралы айтылған материалдар шықты.

2024 жылдан бастап Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен ірі спорттық нысандарды қаланың балансына қайтару жұмыстары басталды. 2024 жылы «Almaty Arena» және «Halyk Arena» көпфункционалды кешендері коммуналдық меншікке өтті.

Бұл мұзды бөлу тетігін ашық түрде ұйымдастыруға және барлық санаттағы спортшылар үшін ареналарға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Нысандар берілгеннен кейін олардың пайдаланылуына кешенді аудит жүргізілді. Қазіргі уақытта мұз уақытын бөлу жүйесі кәсіби спортшыларға, оның ішінде Михаил Шайдоровқа, спорт мектептерінің тәрбиеленушілеріне, секциялар мен ұлттық құрама мүшелеріне басымдық беретіндей етіп реттелді. Мұндай тәсіл елдің болашақ чемпиондар буынын тәрбиелеуге септігін тигізеді.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановпен кездесу барысында Михаил Шайдоров қабылданып жатқан шараларға алғыс білдіріп, жаттығу процесінің ұйымдастырылуы мен спорттық инфрақұрылымға қолжетімділік бойынша жүйелі жақсартуларды атап өтті. Сондай-ақ, ұлттық құраманың дайындық жағдайын қамтамасыз ету мәселесі талқыланған кездесуде, Михаил Шайдоровтың халықаралық жиындар мен жарыстар арасындағы кезеңдерде Алматыда жүрген уақытында «Halyk Arena» базасында жеке жаттығу өткізу мүмкіндігімен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Бұл оның туған қаласында жеке дайындығы мен спорттық формасын сақтау үшін қолайлы жағдай жасайды.

Медициналық қамтамасыз ету

Ұлттық құраманың медициналық қамтамасыз етілуі – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің құзыретіне жатады.

Даму жоспарлары

Алматы әкімдігі қаланың спорт инфрақұрылымын дамыту мен жаңғыртуға кешенді тәсілін іске асыруда. Биыл Орталық стадионды халықаралық стандартқа сәйкестендіре отырып, оның сыйымдылығын 35 мың орынға дейін арттыру арқылы қайта жаңарту жұмыстары басталады. Сондай-ақ, «Медеу» биік таулы мұз айдынының инженерлік инфрақұрылымын жаңарту, мұз сапасын арттыру және сырғанау маусымын ұзарту бағытында жаңғырту жүргізіледі. Сонымен қатар, жасанды интеллектпен жабдықталған SmartICE жүйесін енгізу, жаңа қоғамдық кеңістіктер құру арқылы Медеуді жыл бойы жұмыс істейтін әлемдік деңгейдегі спорттық-туристік орталыққа айналдыру көзделіп отыр.

Бұған қоса, соңғы үш жылда қалада алты жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, ал биыл тағы төрт кешеннің құрылысы басталады. Бұл шаралардың барлығы өскелең жас спортшылардың дайындығы үшін заманауи әрі қолжетімді жағдай жасауға және Алматыда бұқаралық және кәсіби спортты жүйелі дамытуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спорт #Михаил Шайдоров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика