конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда игі істер марафоны басталды

Алматыда игі істер марафоны басталды

Әлеумет 05.12.2024, 15:43 927 dulatbekova
Алматыда игі істер марафоны басталды
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Марафонның басталуы Халықаралық еріктілер күніне орайластырылған.

 4-8 желтоқсан аралығында қалада 10 мыңнан астам тұрғынды қамтитын 20 іс-шара өткізіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы еріктілер фронт-кеңсесінің басшысы Бағдат Анарбаева хабарлады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафонның басты мақсаты - еріктілікті насихаттау, белсенділерді қолдау және қала тұрғындары арасында әлеуметтік жауапкершілікті дамыту.

Сонымен қатар, Бағдат Анарбаева 1985 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 5 желтоқсанды Халықаралық еріктілер күні деп жариялағанын еске салды, содан бері оны бүкіл әлем бойынша еріктілер атап өтеді.

«Алматы қаласы, Қазақстанның ең ірі мегаполисі, елдің экономикалық және мәдени өмірінің жүрегі ғана емес, сонымен қатар қуатты еріктілер қозғалысының орталығы. Мұнда әлемді жақсы жаққа өзгертуге ұмтылған мыңдаған адамдардың күш-жігері біріктірілген. Мегаполистің бай және серпінді еріктілер қауымдастығы аз қамтылған отбасыларға көмектесуден бастап қоршаған ортаны қорғауға дейінгі түрлі салаларды қамтиды», - деп атап өтті ол.

ӨКҚ спикері Алматының волонтерлері жыл сайын қолдауға мұқтаж жандарға көмектесуге ниет білдіретінін атап өтті. Бүгінгі таңда Алматыда жалпы еріктілер саны 50 000-нан асатын 30-дан астам ірі волонтерлік ұйымдар бар.

«Марафонның әрбір жобасы — игі іс жасауда бастары біріккен жандардың біздің қоғамымыздың дамуына қосқан үлесі және үлгісі», — деп атап өтті спикер.

Марафонның негізгі іс-шараларының қатарында: балалар үйінің тәрбиеленушілерін қолдау бойынша акциялар, экологиялық шеберлік сыныптарын өткізу, жануарларға арналған баспаналарға көмек көрсету және жалғызбасты зейнеткерлерге арналған шығармашылық кештер ұйымдастыру бар. Сондай-ақ, қаланы абаттандыру челлендждері мен еріктілер арасында донорлық акция жоспарланған.

Марафон ең белсенді қатысушылар мен еріктілер ұйымдарын марапаттау рәсімімен аяқталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#игі істер #марафон #еркітілер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көшкін қаупі жоғары тоғыз учаске нығайтылды

Бүгін 09:12

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

Кеше 17:16

«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды

Кеше 17:01

Алматыда тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдары талқыланды

Кеше 16:58

Алматыда жүк көліктеріне арналған жаңа жол белгілері орнатылады

Кеше 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);