Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша а...

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша аулаларды жаңғырту жалғасуда

Әлеумет 17.05.2024, 14:35 789
Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша аулаларды жаңғырту жалғасуда
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алмалы ауданында абаттандыру бойынша тұрғындардың жобаларына 2 млрд теңге бөлінді.

Алматы әкімі Ерболат Досаев «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша ауланы абаттандырумен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Алмалы ауданындағы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жаңарған аулаға барды.

Мәметова көшесі, 29/41 бойынша аула аумағын абаттандыру жобасын тұрғындардың өздері әзірледі, сондықтан аға және кіші ұрпақтың барлық пікірлері мен тілектері ескерілді. Қауіпсіздік, тұрақтылық, жайлылық сияқты критерийлерге ерекше назар аударылды. Жас санаттары бойынша аймақтарға бөле отырып, спорттық және балалар ойын алаңдарын жаңғырту жүргізілді, спорт алаңы жаңартылды және  демалыс аймағы орындықтармен  жабдықталды. Айтпақшы, бұл ауланы осындай кешенді жөндеу 58 жылда алғаш рет жүргізілді.

Атқарылған жұмыстармен танысқан Алматы әкімі Ерболат Досаев мердігерлерге кепілдік міндеттемелері аясында  түзетілуі тиіс кемшіліктерді атап өтті. Мегаполис әкімі қала тұрғындарының қатысуымен жайлы қалалық ортаны құруға кешенді көзқарастың маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте, жасыл желектерді күту мақсатында мұндай жобаларда  жасыл желектің сақталуын қамтамасыз ету үшін автосуару жүйелерін, воркаут-аймақтарды күн мен жауын-шашыннан қорғаған жөн. Жалпы, жаңарған аулалар тұрғындарға мүмкіндігінше ұзақ қызмет етуі тиіс.

Бұл жоба 2023 жылы берілген өтінімдер бойынша іске асырылды. Өткен жылы Алмалы ауданында аула аумақтарын абаттандыру және жөндеу бойынша ХҚБ аясында 34 жоба мақұлданды.
Ағымдағы жылы жалпы сомасы 2 млрд теңгеге 52 жобаны іске асыру жоспарлануда. Аулаларды жөндеу, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және көгалдандыру, сондай-ақ иттерді серуендетуге арналған алаң жасау жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алмалы #абаттандыру #жобалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

2025 жылы 300 мыңнан астам жас алматылық қалалық жобаларға тартылды

Бүгін 11:25

95 млн теңге көлемінде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды

Бүгін 10:57

«Бір айда – бір кітап»: «Кемел ұстаз құпиясы» кітабы талқыланды

Бүгін 10:33

Алматыда Қорғаныс министрі Голан жоталарына жіберілетін бітімгерлердің дайындығын тексерді

Бүгін 10:21

Қазақстанда үндістандық дәріні пайдалануға тыйым салынды

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі