конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Future Makers Festival аясында АҚШ-тың Тә...

Алматыда Future Makers Festival аясында АҚШ-тың Тәуелсіздік күні аталып өтеді

Алматы Бүгін 16:42 38 yakiya
Алматыда Future Makers Festival аясында АҚШ-тың Тәуелсіздік күні аталып өтеді

2026 жылғы 4 шілдеде Алматыдағы Америкалық бұрыш Алматы тұрғындары мен қонақтарын Future Makers Festival аясында өтетін АҚШ-тың Тәуелсіздік күнін мерекелеуге шақырады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара АҚШ тарихын, мәдениетін, инновацияларын және STEAM бағыттарын таныстыратын білім беру, ғылыми, шығармашылық және мәдени бағдарламаларды біріктіреді.

Фестиваль Алматыдағы Америкалық бұрыш бастамасымен, Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық миссиясының қолдауымен ұйымдастырылады. Іс-шараның мақсаты - жастардың ғылымға, технологияға, инженерияға, өнерге және ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру, АҚШ мәдениеті мен дәстүрлерін интерактивті форматта таныстыру және Америкалық бұрыш ұсынатын білім беру мүмкіндіктері туралы ақпарат беру.

Фестиваль аясында қатысушылар келесі интерактивті алаңдар мен белсенділіктерге қатыса алады:

15:00–19:00 — Ақпараттық бұрыш, фотобұрыш, кітаптар тарату, белгіше алу мерекелік интерактивтер

15:00–17:30 — STEAM шеберлік сабақтары және технологиялық аймақтар (STEAM аясындағы химия, өнер және қолөнер, Ардуино  және робототехника)

15:00–17:00 — Америкалық ойындар (үстел ойындары және «Корнхол» ойыны)

17:30–18:30 — Америка туралы викторина (жүлделермен)

18:30–19:30 — Сөйлеу клубы және «Jeopardy» интеллектуалдық ойыны

Future Makers Festival қатысушыларға АҚШ-тың Тәуелсіздік күнінің дәстүрлерімен танысуға, жаңа технологияларды тәжірибе жүзінде көруге, инженерлік және шығармашылық бағыттарда өз қабілеттерін сынауға, ағылшын тілін тәжірибеде қолдануға және Америқалық бұрыш білім беру бағдарламалары туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.

Өтетін күні: 2026 жылғы 4 шілде

Уақыты: 15:00

Өтетін орны: Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы, 43, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы

Қатысушылар жасы: 14+

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының I конференциясы өтті

Бүгін 16:51

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

Бүгін 16:47

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Бүгін 16:44

«Елдің болашағы бүгінгі шешімнен басталады» – қоғам белсенділері жаңа конституция туралы

Бүгін 16:38

Смағұл Елубай: Қазақстан жаңа конституциямен жаңа жолға түсті

Бүгін 16:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);