AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнал...

Алматыда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа спорт орталығы салынады

Әлеумет 29.08.2024, 11:26 1,575
Алматыда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа спорт орталығы салынады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
 

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында аудан тұрғындарын сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету мәселелері белсенді түрде шешіліп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа спорт орталығы салынатын болады. Жаңа нысан Райымбек батыр даңғылы, 312 мекенжайында орналасады. Жобада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған сауықтыру және жаттығу сабақтарын өткізуге арналған көпфункционалды спорт орталығының құрылысы көзделген. Орталықта екі бассейн болады. Жобалық қуаттылығы ауысымына 144 адамды қабылдай алады.

Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың бірінші тоқсанында басталып, сол жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, биыл жөндеу жұмыстары 2010 жылдан бері жүргізілмеген екі әлеуметтік нысанда күрделі жөндеу басталды. Осы жылдың шілде айында Адам репродукциясы қалалық орталығында жөндеу жұмыстары басталды. №1 блоктағы жөндеу жұмыстары 2023 жылдың желтоқсанында, ал №2 блоктағы жұмыстар 2025 жылдың наурызында аяқталады.

Сондай-ақ, №3 емхана ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылдың желтоқсанында аяқталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алмалы #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Комиссияға Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

Бүгін 18:36

Алматыда Мұғалімдер күніне орай қаланың үздік педагогтері марапатталды

Бүгін 17:47

Балалар алаңынан үлкен қоғамдық кеңістікке дейін: Алматыда Бұрындай көшесіндегі аумақ жаңарды

Бүгін 17:44

Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді

Бүгін 17:34

Еліміздегі жергілікті жолдардың сапасын жақсарту шаралары қаралды

Бүгін 17:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);