Алматыда экологиялық күн тәртібі бір реттік сенбілік аясынан біртіндеп шығып келеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Қалдықты бөлек жинау, экологиялық ағарту, экологиялық хабтар, «жасыл» кеңселер мен жастарды тарту жаға күнделікті қалалық мәдениеттің бір бөлігіне айналып барады. Биыл Алматыда құрылған ECO Network жобасына сегіз жыл толды. Осы уақыт ішінде оның бастамалары Қазақстанның 10 қаласына тараған.
2026 жылғы 29 қыркүйекте ECO Network құрылғанына сегіз жыл толғанын атап өтеді. Жоба 2018 жылы Алматыда экологиялық өмір салтын насихаттау идеясымен басталған болатын. Қазір ол «Жасыл кеңсе», «Жасыл университет», «Жасыл мектеп», Эко-Трак жпен Эко-Хабтар сияқты бірнеше бастаманы біріктіріп отыр.
Сегіз жыл ішінде Қазақстандағы экологиялық күн тәртібі айтарлықтай өзгерді: негізінен бір реттік табиғатты қорғау акциясынан экологиялық әдетті қалыптастырып, адамның күн сайын экологиялық тәжірибеге қатысуына мүмкіндік беретін инфрақұрылым құруға біртіндеп бет бұра бастады.
Мұндай тәсілдің маңыздылығы Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысы аясында да атап өтілді. Бағыттың бірі — «Таза Қазақстан» республикалық бастамасын дамыту мен оның практикалық әсерін күшейтуге мүмкіндік беретін шешім іздеу. Соның ішінде сенбілікпен ғана шектелмей, азаматтардың экологиялық бастамаларға күнделікті қатысуына көшу мәселесі да қарастырыып жатыр.