Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда De Montfort University ресми түрде ашылды

Алматыда De Montfort University ресми түрде ашылды

Әлеумет 03.11.2021, 13:18 1,086
Алматыда De Montfort University ресми түрде ашылды
almaty-akshamy.kz

Жаңа жоғары оқу орны бизнес, экономика және құқық, АТ, креативті индустрия салаларында британдық дипломы бар мамандарды даярлайтын болады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



De Montfort University Kazakhstan-ның ресми ашылу салтанатына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, Ұлыбританияның халықаралық сауда министрі Ранил Джаяварден, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич қатысты.



ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов құттықтау сөзінде De Montfort University Kazakhstan еліміздегі ғана емес, Орталық Азиядағы озық жоғары оқу орындарының бірі болатынына сенім білдірді.



«Университеттің негізгі артықшылықтарының бірі – түлектердің бәсекеге қабілеттілігі. Бас жоғары оқу орнын бітірген жастардың 97%-ы оқу бітіргеннен кейін жарты жыл ішінде жұмыс табады және IBM, Microsoft, BMW сияқты компанияларда жұмыс істейді», - деді Ералы Тоғжанов.




Премьер-Министр орынбасарының айтуынша, ЖОО жыл сайын жалпы қабылдау санының кемінде 7% көлемінде Қазақстан азаматтарына гранттар мен стипендиялар бөледі деген уағдаластыққа қолжеткізілген.



«Біз қазақстандық филиалдың түлектері Англиядағы кампус түлектері сияқты бәсекеге қабілетті болады деп үміттенеміз», - деді Ералы Тоғжанов.



Өз кезегінде Алматы әкімі Б. Сағынтаев Алматы қаласының креативті индустриялар саясатын жүзеге асыруда университеттің ерекше рөл атқаратынын атап өтті.



«Біз үшін бұл расында да өте маңызды. Қаланың одан әрі өсуі, еңбек өнімділігі, өмір сапасы мен бизнес мүмкіндіктері бойынша әлемнің 100 үздік қаласының қатарына ену жөніндегі мақсатымызға жету үшін бізге экономиканы диверсификациялау бойынша жұмысты жалғастыру қажет»,-деді қала әкімі.



Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, осы мақсатта қала экономикасында құрылымдық маневр жүргізілуде. Бұл – жаңа экономикалық өсудің драйверлеріне айналатын цифрландыруды, туризмді және креативті индустрияларды дамыту.



ЖОО ректоры Дж. Паундер Алматы әкімі Б. Сағынтаевқа университеттің ашылуына қолдау көрсеткені және жағдай жасағаны үшін алғыс айтты. Бұл Қазақстанда оқуға лицензия алған және үздік білім беру стандарттарын енгізу үшін құрылған алғашқы шетелдік университет. Түлектерге Ұлыбританияның DMU Лестер Университеті дәрежесі берілетін болады.


Бакалавриатқа түскен алғашқы 145 студент қабылдаудан ойдағыдай өтті. «Бухгалтерлік есеп және қаржы», «Бизнес және маркетинг», «Экономика және халықаралық қатынастар», «Бизнес-құқық», «Қаржы және инвестициялар» бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары қарастырылған. Бұдан басқа, оқыту бағдарламасында ақпаратты технология, креативті индустрия мамандықтары интеграцияланатын болады. Ал аталған бағыттарға Алматының 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясында ерекше көңіл бөлінеді.


«Дөңгелек үстел» барысында қазақстандық және британдық тараптар Қазақстанның креативті экономика секторын дамыту және ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#De Montfort #Алматы #тоғжанов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі