Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда дәстүрге айналған қысқы марафон өтті

Алматыда дәстүрге айналған қысқы марафон өтті

Әлеумет 21.02.2022, 11:13 1,602
Алматыда дәстүрге айналған қысқы марафон өтті
Сурет: Almaty-akshamy

Екі мыңға жуық адам қатысқан.


Жарысқа салауатты өмір салтын ұстанатын 10 мен 80 жас аралығындағы 2 мыңға жуық адам қатысып, түрлі қашықтықтарды жүгіріп өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.


Шарада алматылықтардан өзге, әдеттегідей, еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар да қатысты.


Жарысты жүгіруді күнделікті дағдыға айналдырған қала тұрғындары асыға күткені анық. Олардың арасында түрлі салада қызмет ететін мамандардан бастап, кәсіби спортшыларға дейін бар. Қатысушылар 3 қашықтық бойынша сынға түсті. Балалар 3 шақырымға жүгірсе, ерексектер 10, скандинавиялық жүріспен айналысатындар 7 шақырымдық бәсекеде өздерін сынап көрді.




«Жастарды осындай спортпен айналысуға шақырамын. Менен үлгі алыңыздар. 42 шақырымды 73 рет жүгіргенмін. Мынадай маусымдық жүгіруді мүлде жібермеймін», - дейді қатысушы Тілеужан Қанапиянов. 



Ұйымдастырушылар елімізде карантин талаптарының жеңілдегеніне қарамастан, спортшылардың қауіпсіздігіне аса мән бергенін айтады. Яғни, қатысушылар алдын ала «Ашықпен» тексеріліп, кейін жүгіруге мүмкіндік алды. Олар сондай-ақ жолдың уақытша жабылғанына қарамастан, түсіністік танытқан көлік жүргізушілеріне де алғысын айтты.



«Біздің қысқы марафонымыз осымен 8-ші рет өтіп жатыр. Жүгіруді дағдыға айналдырған адам үнемі көңілді, өмірге деген құштарлығы артып, денсаулығы жақсара түседі. Қазір жасөспірімдерге де қатысуға мүмкіндік беріп жатырмыз. Оларды пандемия өршіп тұрған кезде тоқтатқан едік», - деді ұйымдастырушы Салтанат Қазыбаева.




Одан бөлек, ұйымдастырушылар жыл аяғына дейін осындай он шақты марафон өткізуді жоспарлап отыр. Келесі шара 13 наурызға белгіленсе, ең үлкен марафон 25 қыркүйекте өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #марафон #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Кеше 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Кеше 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Кеше 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика