AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді

Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді

Әлеумет Бүгін 09:30 35

3,4 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты

Алматыда 10 қазанда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Қала аумақтарын тазалау және көгалдандыру жұмыстарына 3 480 адам қатысты. Бұл туралы қаланың Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.

Экологиялық акция қаланың барлық сегіз ауданын қамтыды. Жұмыс скверлерді, көшелерді, жасыл аймақтар мен жағалау аумағын қоса алғанда, 10 учаскеде жүргізілді.

Сенбілікке қатысушылар Баум тоғайын, «Биокомбинат» және Ратушный скверлерін, Саялы мен Көкшоқы шағынаудандарының аумақтарын, сондай-ақ Қарғалы өзенінің бойындағы және бірқатар қала көшелеріндегі учаскелерді ретке келтірді.

Іс-шара қорытындысы бойынша 506 текше метр қоқыс пен қалдық жиналып, шығарылды. Тазалау жұмыстарына 79 арнайы техника жұмылдырылды.

Қала аумақтарын көгалдандыруға ерекше назар аударылды. Сенбілік барысында 1 220 ағаш егілді. Оның ішінде биіктігі алты метрден асатын ірі жөке мен үйеңкі ағаштары, сондай-ақ сәнағаш, шаған және шырша көшеттері бар. Ағаш егу жұмыстары Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарында жүргізілді.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жалпықалалық сенбілік қаланың тазалығын сақтауға, қоғамдық кеңістіктерді көркейтуге және Алматы тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Экология #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Яндекстегі" ақаудан кейін такси бағасы қымбаттап кеткен

Бүгін 10:08

Қазақстанның жаңа конституциясы азаматтардың құқығын сот арқылы қорғауды күшейтті

Бүгін 09:49

Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті

Бүгін 09:15

Мемлекет басшысы Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды

Бүгін 09:10

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);